» МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ЖАСТАРҒА БЕРЕТІН ҮЛКЕН МҮМКІНДІКТЕРІ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ЖАСТАРҒА БЕРЕТІН ҮЛКЕН МҮМКІНДІКТЕРІ

Жастардың мемлекеттік қызметке қызығушылығын арттыру, оларды қолдау және жігерлендіру мақсатында бүгінгі таңда бірқатар маңызды міндеттер айқындалған.
Қазіргі уақытта мемлекеттік жастар саясаты – ел жастарының табысты әлеуметтенуіне, жан-жақты дамуына жағдай жасауға бағытталған мемлекеттік басымдықтар мен шаралар жүйесі. Бұл саясат Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және мәдени өркендеуіне, оның бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға, ұлттық қауіпсіздік пен халықаралық беделін арттыруға ықпал етеді.Қазақстан жастары – бұл өз елінің дамуына сүбелі үлес қосуға ұмтылатын, білімге, тәжірибеге, технологиялар мен ресурстарға қол жеткізу мүмкіндігі жоғары өскелең ұрпақ.
Мемлекеттік қызметте жүрген әрбір азамат жасына қарамастан елдік мұрат пен мемлекеттік мүддені жоғары қойып, билік органдарында адал қызмет етуі тиіс. Әсіресе, еліміздіңбастыкүші – жастарекенінескерсек, жасмемлекеттікқызметшілердіңбойындажауапкершілік, кәсібишеберлік пен патриотизм сияқтықасиеттердідамыту аса маңызды.
Мемлекеттік қызмет саласы – бұл мемлекеттің саясатын жүзеге асыратын, кәсіби білікті кадрларды қажет ететін сала. Мұндай кадрлар саланың заман талабына сай дамуына, тиімді қызмет етуіне септігін тигізеді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет – халық пен тікелей байланыста болатындықтан, кәсіби біліммен қатар қарым-қатынас мәдениеті де маңызды рөл атқарады.
Статистикалық деректерге сүйенсек, облыстағы 3300-ден астам мемлекеттік қызметшінің шамамен 800-і – 35 жасқа дейінгі жас мамандар болып табылады. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын GPA көрсеткіші 3,33-тен төмен емес нәтижемен аяқтаған түлектерге келесі мүмкіндіктер берілді: олар оқуын аяқтағаннан кейін бір жыл ішінде конкурс өткізілместен "Б" корпусының бірқатар төменгі мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға құқылы.
Атап айтқанда:
1) облыс ауданының немесе облыстық маңызы бар қаланың (облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын қаладан басқа) әкімі және мәслихаты аппараттарының төменгі лауазымына;
2) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыс ауданы және облыстық маңызы бар қала (облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын қаладан басқа) атқарушы органының басшылық емес лауазымына;
3) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының басшылық емес лауазымына;
4) орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының облыс ауданындағы немесе облыстық маңызы бар қаладағы (облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын қаладан басқа) аумақтық бөлімшесінің басшылық емес лауазымына орналаса алады.
2024 жылдан бастап мемлекеттік грантпен жоғары оқу орнын үздік бітірген өңіріміздің 11 жас түлегі осы мүмкіндікті пайдаланып, конкурссыз түрде аудандық және ауылдық деңгейдегі лауазымдарға тағайындалды. Қазіргі таңда, олар өз салаларында беделді қызмет етіп, мемлекеттік қызметтің дамуына үлес қосуда.
Жалпы, мемлекеттік қызмет – бұл тек жұмыс орны емес, сонымен қатар кәсіби даму, білім мен тәжірибе жинақтау үшін үлкен мүмкіндік беретін абыройлы сала. Бүгінгі жас ұрпақ білімдері мен іскерліктерін ел игілігі жолында жұмсаумен қатар, Қазақстанның жарқын болашағына сенімді қадам баса отырып, жастарымыз еліміздің даму жолында өз мақсат-міндеттерін ұштастыра отырып, бар жігер – қабілеттерін жұмсайтындықтарына сенімдіміз.
         
Абтикерова Мақпал Төлегенқызы,
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Қызылорда облысы бойынша
департаментінің бас маманы
---
17 сәуір 2025 ж. 180 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (10396)

19 сәуір 2025 ж.

№27 (10395)

15 сәуір 2025 ж.

№26 (10394)

12 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 617
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930