» ПРЕЗИДЕНТ КЕҢЕСШІСІ М.ОТАРБАЕВ ДІН САЛАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

ПРЕЗИДЕНТ КЕҢЕСШІСІ М.ОТАРБАЕВ ДІН САЛАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Ұлттық құрылтайдың IV отырысындағы тапсырмаларды жүзеге асыру бойынша ҚР Президентінің кеңесшісі М.Отарбаев Сыр өңірінің дін саласы өкілдерімен келелі кездесу өткізді. Маңызды басқосуда дін өкілдері салада атқарылған жұмыстарға тоқталып, өз ұсыныстарын жеткізді.
Биыл Сырдың бас шаһары Қызылорда қаласының ел Астанасы болғанына және «Қазақ» атауының қайтарылғанына 100 жыл толды. Осы ретте Құрылтайдың келесі отырысын Сыр бойында өткізудің саяси-экономикалық маңызы өте зор.
Бұл тарихи шешімді дін саласының өкілдері де қуана қарсы алды. Қойнауы құндылыққа толы Сыр елін алты алаштың рухани ордасы болған десек қателеспейміз. Себебі мұнда ХVІІ-ХХ ғасырларда ахундар мен ишандардың ағартушылық қызметі 100-ге тарта мешіт пен медреселер болған. Солардың бірсыпырасы бүгінгі күнге дейін ел игілігі үшін қызмет етіп, халқымыздың дүниетанымына сай Исламды дәріптеуде.
Басқосу барысында «Ақмешіт-Сырдария» мешіті бас имамының уақытша міндетін атқарушы Ж.Абенов пен «Нұр» мешітінің бас имамы Б.Сүлейменов дін саласында атқарылған жұмыстарды баяндап, өз ойларымен бөлісті.
Айта кету керек, аймақта дін бағытындағы жұмыстар жүйелі жүргізілуде. Облыс әкімдігі тарапынан дін өкілдерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту, мемлекеттің дін саласындағы саясатын мешіт жамағатына жеткізу, экстремизм мен терроризмнің алдын алу және т.б. бағыттарда жұмыстар атқарылуда.

Өңірлік Коммуникациялар Қызметі

---
12 сәуір 2025 ж. 326 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10452)

04 қараша 2025 ж.

№83 (10451)

01 қараша 2025 ж.

№82 (10450)

29 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 808
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 529

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930