» КАРЛ МАРКС КӨШЕСІ

КАРЛ МАРКС КӨШЕСІ

Ұмытсам да бүгін айдың нешесі,
Әлі есімде бұл көшенің кешесі.
«Капиталын» бес жыл бойы кемірген,
Карл Маркс көшесі.
Өзгерсе де шыр айналып бұл жаһан,
Өзгермейтін естелікпен бір жатам.
...Ақ жаулығын кір шалмайтын анашым,
Күліп тұрған сұлу апам Күлжаһан.
Бала күндер керемет-ау көңіл жай,
Аз ғұмырда мың құбылған өмірді-ай.
Қол созымда тұрған мына РТС-қа,
«Москвичпен» барады аға Қоңырбай.
«Бос қиял ғой десе біреу арзан құр»,
Бұл бейнелер асыл бүрін жарған гүл.
...Мынау үйден мама қаздай мамырлап,
Шығатұғын туыс апам Маржанкүл.
Өмірімнің көп мұңынан пәс кеудем,
Өксік буып, көзіме ыстық жас келген.
...Мына жерде анам ұзақ тұратын,
Сағындырған ұлын күтіп әскерден.
Кәріліктің ауылына беттеп те,
Мына көңіл аңсау әнін төкпек пе?
Алдымызда Қали ағай маң басқан,
Бір топ бала асығушы ек мектепке.
Ұмытсам да бүгін айдың нешесі,
Көз алдымда бұл көшенің кешесі.
Алаңғасар балалығым қайда екен,
Көрмедің бе, Карл Маркс көшесі?!
Орынкүл ТЫНЫМБАЕВА,
Халықаралық Жазушылар одағының мүшесі
---
04 сәуір 2025 ж. 377 0

Ұқсас жаңалықтар:

PDF нұсқалар мұрағаты

№9 (10477)

03 ақпан 2026 ж.

№8 (10476)

31 қаңтар 2026 ж.

№7 (10475)

27 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 367
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 219

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728