Жасыл бақпен тілдескен
Ақжар ауылындамыз. Тілші болған соң іс-сапарда жиі жүретініміз бар. Ауданға қарасты ауылдарда кездесу өткізіп, бесін ауа осында аялдадық. Межеміз ауылдық клуб үйі. «Соңғы түйенің жүгі ауыр» демекші, шаршағанымыз білініп, түскі құс ұйқы еңсені езіп барады. Ұзақ жол қойсын ба? Шаршаңқы күймен клубтың ауласына...