
Үйде отырған үйдей пәледен құтылады
Үйіне қарай аяңдаған Арманның ойы сан-саққа жүгірді. Соншалықты маңызды болмаса да, дүкенге деген сылтаумен сыртқа шыққан еді. Теледидар «үйде бол» десе, ұялы телефондағы әлем де үйде болуын ескерткен-ді. Көше жым-жырт. Арнайы дауыс зорайтқышпен инфекцияның таралмауы үшін тұрғындардың үйде қалу қажеттігін...