СӘНДІК БҰЙЫМДАР СЫРЫ
Халқымыз ұл-қызының жан сұлулығы мен тән сұлулығына жіті мән берген. Әсіресе, қыз бала тәрбиесіне мұқият қарап, оның киім-кешек, ат-тұрман, безену ісіне аса көңіл бөлген. Қыз ес біліп, етек жинай бастағанда ата-анасы оған киімнің торқасын, аттың жорғасын, әшекейлі ер-тұрман мінгізіп, ел алдына шығарған....