» Шәкірт жарыста шыңдалады

Шәкірт жарыста шыңдалады

   Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі, әлемде өзіндік орын алуы – оның ұлттық білім жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына тікелей байланысты. Мемлекет басшысы болашақта қазақ елінің көсегесін көгертіп, ғылымын көркейтер деген үмітпен жас дарындарға  назар аударып, қолдау көрсетуде. Осы орайда, биылғы оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне мектебіміз бойынша 26 оқушы қатысып, оның ішінде 13 оқушы олимпиаданың  екінші кезеңіне қатысуға мүмкіндік алды. Оқушылар әрбір жарыста өз қатарынан өзгешеленіп, білімдарлық,  ізденімпаздығымен көзге түсті. Осындай қасиетпен ерекшеленген оқушылар олимпиаданың жауапты екінші кезеңінен де сүрінбей өтіп, жүлделі орынмен оралды.
   Сонымен қатар, олимпиаданың аудандық кезеңінде қазақ тілінде оқытылатын мектептердегі орыс тілі пәнінен I орын иегері – Сымбат Әлиева жуырда Қызылордада өткен жалпы білім беретін пәндер бойыншареспубликалық олимпиаданың облыстық кезеңінде III орынды иеленді. Сондай-ақ, облыстық білім басқармасының дипломымен, төсбелгісімен марапатталды. Шәкіртінің жетістікке жетуін ұстазы Жамал Мұхамбетқалиқызының еңбегі зор.
   Барлық пәнді жетік игерген Сымбат оқушымыз орыс тілі мен әдебиеті пәнінен де үнемі қалалық, аудандық білім сайыстарында топ жарып, намысты қолдан бермей жүр.
                                                                                                                                        
Бағила КЕНЖАЛИЕВА,
 №275 орта мектептің мұғалімі

---
18 ақпан 2020 ж. 391 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 393
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 184

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930