Шәйнектегі қақты қалай тазартамыз?
(сурет ашық дереккөзден)
Қақтан арылу үшін арнайы дайын құралдарды және халықтық әдістерді қолдануға болады. Шәйнегіңіздегі қақтан арылу үшін мына әдістерді байқап көріңіз:Шәйнекке 1 литр су құйып, оған 2 шай қасық лимон қышқылын салыңыз. Суды 15 минут қайнатыңыз. Шәйнекті сумен жуып алыңыз. Лимон қышқылы кез келген азық-түлік сататын дүкенде болады. Оны шәйнекке қақ түзілуінің алдын алу үшін қолдануға да болады. Ол үшін аптасына бір рет шәйнекке су құйып, ішіне лимон қышқылын салып, бірнеше сағатқа қалдырыңыз. Содан соң жылы сумен шәйнекті шайып алыңыз.
Шәйнекке 1 литр су құйып, оған 1 ас қасық ас содасын салыңыз. Ол қайнағасын отты басып қойыңыз. Баяу отта оны тағы жарты сағаттай ұстаңыз. Шәйнектегі суды төгіп, оған таза су құйып, оны қайтадан отқа қойып, қайнатыңыз. Содан соң бұл суды да төгіп, ішін бір шайып алыңыз.
Бұл шәйнекті жұмсақ әрі тиімді тазартудың бір әдісі. Ол үшін картоп және алма қабықтары керек. Картоп пен алма қабықтарын шәйнектің жартысына дейін салып, үстіне су құйыңыз. Шәйнекті 20 минут бойы қайнатыңыз. Содан соң қабықтарды сумен бірге 2-3 сағатқа толықтай суығанша қалдырыңыз. Соңынан шәйнекті сумен шайып алыңыз.