» » Грейпфруттың қабығын тастамаңыз

Грейпфруттың қабығын тастамаңыз

Грейпфруттың қабығын тастамаңыз!

Грейпфрут — пайдалы цитрусты жеміс. Оның қабығының өзін бірден қоқысқа тастауға асықпаңыз. Ендеше, грейпфрут қабығын қалай пайдалануға болады?

Үй тазалау

Оны лимон секілді үй тазалауға пайдалануға болады. Ол үшін лас жерге ас содасын сеуіп, оны грейпфрут қабығымен ысқылаңыз. Нәтижесі сізді міндетті түрде таңғалдырады. Бұл әдісті ластанған ыдыс-аяқ жуатын шұңғылшаны немесе плитаны тазалауға қолдануға болады.

Пісірме дайындау

Грейпфрут қабығын лимон немесе апельсин қабығы секілді қанттауға болады. Интернетте оны қанттаудың түрлі рецептілері бар. Сондай қантталған қабықтарды ұсақ текшелерге бөліп, кекс немесе чизкейкке аздап қоссаңыз, оның қышқыл дәмі торттың дәмін ерекше етеді.
Грейпфрут қабығын кептіруге де болады. Кепкен қабықты ұнтақтап, мысалы, көк шайға қосуға болады. Бұл пайдалы жемістің қабығынан дайындалған шай ағзадағы зат алмасу процестерін жылдамдатуға және артық салмақтан арылуға көмектеседі.
Грейпфрут қабығын тамаққа қолданатын болсаңыз, оны жерде сыртын жақсылап жууды ұмытпаңыз.

Тері күтімі

Грейпфрут қабығынан денеге арналған скраб дайындауға болады. Оны бірдей өлшемдегі (мысалы, әрқайсысын 1 ас қасықтан) үккіштен өткізілген грейпфрут қабығы, теңіз тұзы, зімбір және майдан дайындайды. Скрабты қымталған ыдыста сақтау керек. Оны бетке және түршіккен теріге қолдануға болмайды: ол аллергия беруі мүмкін.


21 қаңтар 2022 ж. 338 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 027

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031