Құрылтай
» » ХҚО-лар қай күндері жұмыс істемейді?

ХҚО-лар қай күндері жұмыс істемейді?


Мемлекеттік мереке – ҚР Тұңғыш Президенті күніне байланысты 1 желтоқсан күні Қазақстанның ХҚО-лары мен мамандандырылған ХҚО-лары жұмыс істемейді.
Бүгінгі таңда елімізде 334 Халыққа қызмет көрсету бөлімі, оның ішінде 32 мамандандырылған бөлім бар, онда азаматтар мемлекеттік қызметтердің 662 түрі бойынша жүгіне алады. Сондай-ақ азаматтар электрондық анықтамалар мен қызметтерді мереке күндеріне қарамастан, egov.kzпорталы, egovkzbot2.0 телеграм-боты, egovmobile қосымшасы арқылы онлайн түрде кез келген жерден рәсімдей алады.
«Біз қазақстандықтарды желтоқсан айында атап өтілетін мерекелерімен құттықтаймыз. Көпшілік демалыс және мереке күндеріне дейін барлық құжатын түгендеп-жинастыруға, қандай да бір анықтамасын жаңартып қалуға тырысады. ХҚО-лар дүйсенбіден жұмаға дейін үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейтінін еске саламын. Сенбі, жексенбі және мемлекеттік мереке күндері – демалыс», – деді Мемлекеттік корпорацияның қоғаммен байланыс жөніндегі басқарушы директоры Байрам Азизов.
Халыққа қызмет көрсету орталықтары сондай-ақ 16-17 желтоқсанда ҚР Тәуелсіздік күніне байланысты жұмыс істемейді.
30 қараша 2021 ж. 705 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№52 (10520)

14 шілде 2026 ж.

№51 (10519)

09 шілде 2026 ж.

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 486
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 979

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031