» » МӘМС кезінде қымбат тұратын медициналық қызметтерді тегін алу мүмкіндіктері

МӘМС кезінде қымбат тұратын медициналық қызметтерді тегін алу мүмкіндіктері


2020 жылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі толық күшіне енді. Жүйенің басты назарында – халықтың денсаулығын сақтау және аурулардың алдын алу.
Еске сала кетейін, қазақстандықтар медициналық қызметтерді екі пакет бойынша алады:
Біріншісі - тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, ол еліміздің барлық тұрғындарына сақтандыру жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан қолжетімді. Оған жедел медициналық көмек және санитариялық авиация, шұғыл стационарлық көмек, профилактикалық екпе және паллиативтік көмек кіреді. Сонымен қатар, әлеуметтік мәні бар аурулар мен динамикалық бақылуға жататын негізгі созылмалы аурулар кезінде консультациялық-диагностикалық көмек, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, жоспарлы және стационарлық көмек, сондай-ақ туберкулез кезінде медициналық оңалту қолжетімді.
Көмектің екінші деңгейі – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті. МӘМС жүйесінде консультативтік-диагностикалық көмек, соның ішінде бағасы қымбат құрал-жабдықпен көрсетілетін зертханалық қызмет түрлерін, ТМККК енгізілмеген сырқаттарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, ТМККК пакетіне жатпайтын жағдайларда жоспарлы стационарлық және стационарды алмастыратын көмекпен қамту, медициналық оңалту және пациент денсаулығын қалпына келтіруге бағытталған ем-дом түрлерін қамтымақ.
МӘМС-тің маңызды ерекшеліктерінің бірі - мемлекет өз қамқорлығына әлеуметтік жағынан осал халықтың үлкен тобын алып, яғни ҚР халықының 60%-дай азаматтарына жарналарды өзі төлейді. Бұл ретте медициналық сақтандыруға қатысушылардың барлығы төлеген жарнаның үлесіне қарамастан МӘМС жүйесіндегі медициналық қызметтерге тең қол жеткізе алады.
Анықтама үшін: Аймағымызда 640 мыңнан (78,8%) астам адам МӘМС жүйесінің қатысушылары болып табылады, оның ішінде 15 жеңілдік санатындағы 470 мыңға жуық түрғындар. Бүгінгі таңда облыста медициналық сақтандыру жүйесінен тыс 144 мыңнан астам адам бар.
Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2021 жылдың 1 сәуіріне дейінгі аралықта Қызылорда облысының тұрғындары әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 17,3 млрд. теңге аударды, оның 13,2 млрд. теңгесі (76,3%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 4,1 млрд. теңге (23,7%) - жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.
Жинақталған қаржы сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген Ұлттық банкте сақталады және МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалуда.
2021 жылға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалы 59 медициналық қызмет көрсетушілермен келісім - шарт жасасты, оның ішінде – 29-ы мемлекеттік, 30-ы жеке меншік нысанында.
Барлығы 65,82 млрд теңгеге шарттар жасалды, оның ішінде 42,81 млрд теңге (65,04%) ТМККК шеңберінде, 23,01 млрд теңге (34,96%) МӘМС қаржысы құрайды.
Елімізде медициналық сақтандыру жүйесін іске асыруды ескере отырып, қымбат тұратын медициналық қызметтер көлемі 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен 42%-ға ұлғаяды, бұл олардың халық үшін қолжетімділігін едәуір жақсартуы тиіс.
Егер 2021 жылы медициналық сақтандыру қоры 950 мыңға жуық қымбат медициналық қызметті қаржыландыруды жоспарласа, 2025 жылға қарай олардың саны 1 355 мыңға дейін артатын болады.
2020 жылы Қор филиалы 61,3 млн.теңге сомасына 6 318 КТ және 135,1 млн.теңге сомасындағы 7 476 МРТ қызметтерін қаржыландырды. Соның ішінде 2020 жылдың 1 тоқсанында 18,4 млн.теңге сомасына 1 817 КТ және 29,4 млн.теңге сомасындағы 1 546 МРТ қызметтерінің шығындарын өтесе, ал 2021 жылдың 1 тоқсанында 15,2 млн.теңге сомасына 1 409 КТ және 77,4 млн.теңге сомасындағы 4 968 МРТ қызметтерінің шығындарына төленім жасады. Ағымдағы жылдың 1 тоқсанын 2020 жылдың 1 тоқсанымен салыстырып қарасақ КТ қызметін пайдаланғандар бір шамалас болып тұрса, МРТ қызметін пайдаланғандар 31%-ға артқаны көрініп тұр.

Қызылорда облысында Компьютерлік- томография аппараты – 7 данасы орналасқан. Олар:
1. «Облыстық консультативтік-диагностикалық орталығы» -1 дана;
2. «Қазалы темір жол ауруханасы»ЖШС -2 дана;
3. «Облыстық балалар ауруханасы ШЖҚ КМК -1 дана;
4. «Облыстық көпбейінді ауруханасы ШЖҚ КМК -2 дана;
5. «Көпбейінді қалалық аурухана» ШЖҚ КМК-1 дана.

Магнитті - резонансты томография – 4 данасы орналасқан. Олар:
1. «Nova Diagnostic» ЖШС -1дана;
2. «Облыстық балалар ауруханасы ШЖҚ КМК -1дана;
3. «Инвиво ВДП» ЖШС- 1дана;
4. «Medium» ЖШС – 1дана.


Қазіргі таңда облыс бойынша 3 КТ аппараты техникалық жағдайға байланысты жұмысын уақытша тоқтатқан. Ал 4 КТ аппараты жұмыс істейді, олар:
1. «Облыстық консультативтік-диагностикалық орталығы» -1дана;
2. «Қазалы темір жол ауруханасы»ЖШС -1дана;
3. «Облыстық көпбейінді ауруханасы ШЖҚ КМК -1 дана;
4. «Көпбейінді қалалық аурухана» ШЖҚ КМК-1дана.
Облыс бойынша 1 МРТ аппараты техникалық жағдайға байланысты жұмысын уақытша тоқтатқан. Ал 3 МРТ аппараты жұмыс істейді, олар:
1. «Nova Diagnostic» ЖШС -1дана;
2. «Инвиво ВДП» ЖШС- 1дана;
3. «Medium» ЖШС – 1дана.
Жоғарыда көрсетілген медициналық ұйымдар консультациялық-диагностикалық қызметтерді (бұдан әрі – КДҚ) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде көрсетеді.
Егер тұрғын сақтандырылмаған болса, онда ТМККК шеңберінде МРТ, КТ қызметтері оған шұғыл медициналық көмек, шұғыл стационарлық, стационарды алмастыратын көмек кезінде дәрігердің жолдамасы арқылы көрсетіледі.
Сақтандырылмаған тұрғындар консультациялық-диагностикалық қызмет түрлерін, жоспарлы емдеуге жатқызу кезінде, жопарлы диагностикалық тексеру, оңалту, яғни ТМККК-дан тыс медициналық қызметтер кезінде қол жеткізе алмайды.
Егер сақтандырылған азаматқа қымбат технологияларды қолдана отырып диагностика қажет болса, онда ол қай жерде тұрса да, қажетті медициналық көмекті дәрігердің жолдамасы арқылы ала алады. Егер қымбат медициналық қызметтерді көрсету жергілікті деңгейде жүзеге асырыла алмаса, онда науқас медициналық сақтандыру қорымен келісім жасасқан басқа аймақтың медициналық ұйымына жіберілуі керек. Медициналық қызметті алу мерзімі 10 күннен аспауы тиіс.
МӘМС жүйесінің емделушілерге тиімділігі қандай?
Мысалы, медициналық сақтандыруға ай сайын жарна төлеу арқылы сіз міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде өзіңізге қажет қызметтердің барлық түрлерін дәрігердің жолдамасы арқылы ала аласыз. Егер медициналық қызметтердің нарықтағы нақты бағасын келтіретін болсақ, бүгінгі күні дәрігердің алғашқы қабылдауы 2-3 мың теңге тұрады, қымбат зертханалық қызметтер шамамен 5 мың теңге, МРТ орташа есеппен 18 мың теңге, КТ – 13 мың теңге, ал осы ақылы медициналық қызмет түрлері МӘМС жүйесінде сақтандырылған азаматтар үшін қолжетімді, яғни артықшылығы айқын көрініп отыр.
МӘМС жүйесі аясында - сақтандырылған азаматтарға жоспарлы және диагностикалық медициналық қызметтердің кең спектрі ұсынылады және соның арқасында денсаулықты сақтауға, ауруды ерте сатысында анықтауға және оларды уақытында емдеуге қол жеткізетіндігі айқындалған.
Егер науқас медициналық көмек көрсетуден бас тартылса немесе тиісті түрде көрсетілмесе, онда 1406 колл-орталығына, «Qoldau – 24/7» мобильді қосымшасы немесе «SaqtandyruBot» Telegram-бот бойынша жүгіну қажет.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалдың
халықты ақпараттандыру және
өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі

28 сәуір 2021 ж. 543 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 038

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031