» » МӘМС бойынша онкосрининг қызметі тегін өткізіледі

МӘМС бойынша онкосрининг қызметі тегін өткізіледі



Міндетті медициналық сақтандыру шеңберінде скринингтік тексерулер мен кәсіби тексерулер сақтандырылған азаматтар үшін тегін, деп хабарлады Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов.
Қор филиалы басшысының айтуынша, тегін онкоскринингтің үш түрі қарастырылған: сүт безі қатерлі ісігі (40 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер үшін), колоректальды қатерлі ісік (50 жастан 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер үшін), жатыр мойны обыры (30 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер үшін). Скрининг тұрғылықты немесе тіркелген жері бойынша емханада тегін жүргізіледі.
Алайда, ерте сатысында анықталған көптеген ісіктерді емдеуге болады. Сонымен қатар, бүгінгі таңда қатерлі ісік ауруының ерте диагностикасы жақсарғаны қуантады.
2020 жылдың қорытындысы бойынша 4 617 онкологиялық науқастарды емдеуге әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан 1 575,8 млн теңге бөлінді. 2021 жылы онкоскринингтерді жүргізуге 1 648,5 млн.теңге жоспарланған.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалдың
халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі
16 наурыз 2021 ж. 920 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 892
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 595

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930