» » Сән тренді: қандай киім таңдау керек?

Сән тренді: қандай киім таңдау керек?

Сән әлемінің нәзікжандылар үшін орны ерекше. Трендтен қалмайтын қылықтыларды биыл не күтіп тұр? Яки биыл қандай түс, қандай киім сәнге айналмақ, саралап көрелік.
Америкалық «Pantone» түстер институты 2000 жылдан бері трендте болатын түстерді анықтап келеді. Олар жыл сайын өз зерттеулерін желтоқсанда жариялайды. Жақында аталмыш институт осы жылдың басты түстерін анықтады.Түр-түс сарапшылары келер жылға ашық сары және қою сұр түстерді сәнге енетінін айтады. Осыған дейін институт көбіне бір түсті ғана таңдайтын. Ал биыл олар екі түсті қатар таңдауды ұйғарған. Ұйым директоры Леатрис Эйсманның айтуынша, бұл түстер адамға шыдамдылық пен үміт сыйлайды. "Күн шапағы секілді ашық сары түс энергия сыйлайды, жанды жылытады. Ал қою сұр түс беріктік пен шыдамдылықты сездіреді", – дейді институт мамандары.
Жылдың басты түсі сән, үй жиһазы, өнеркәсіп дизайны, медиадағы графика мен жарнама саласына да әсер етеді. Сол себепті көбі осы түсті таңдауға тырысады. Pantone түстерді кездейсоқ таңдамайды. Олар түрлі трендтерді талдау арқылы зерттеу жасайды. Ойын-сауық, кино, суретшілердің өнер туындысы, сән және дизайн салаларын барынша зерделейді. Сәйкесінше ол арқылы жыл түсін анықтайды.
Айта кетейік, Pantone өткен жылдың басты түсі ретінде классикалық көк түсті таңдаған болатын. Түстің адам психологиясы мен көңіл-күйіне әсер ететінін білеміз. Әр адамның түр-түсті қабылдау ерекшелігі де әрқалай. Бұл адам мінезіне, жасына, көңіл-күйіне және басқа да жайларға байланысты болуы мүмкін. Сондай-ақ, түр-түстер ағзаға тікелей әсер етеді, адамды ерекше күйге бөлейді.
Отандық дизайнер Фариза Мырзахан 2020-2021 маусымында сән трендіне айналған, ыңғайлы әрі әдемі бірнеше киім үлгісін ұсынған болатын.
Былғары киім. Былтырғы жылдан бері былғары киім сәнге айналуда. Бұрын былғарыдан жасалған киімді байкерлер, рок-н-ролл орындаушыларының киетінін көруші едік. Ал қазір мұндай киім сән подиумының төрінен айрықша орын алады. Бұл, әрине талғампаз жандар таңдайтын образға кіреді.
Дизайнерлер келер жылдың көктемінде де былғары сәнде болатынын айтады. Тіпті бастан-аяқ былғары киім киюді де ұсынып отыр. Иә, бүгінде былғарыдан тігілген бас киім, пальто, куртка, шалбар, сарафан, көйлек, белдемшелер әйелдер қауымының гардеробынан табылып жатады. Бұл сәнқой бикештерге тән.
Клеш джинс шалбар. Бұл – ұзақ жылдар бойы сән тренді қатарынан түспей келе жатқан киім үлгісі. Оны XIX ғасырда матростар, 1960 жылдары хиппилер киген. Бүгін бұл шалбар әйелдер арасында ерекше сәнге айналғаны айта кету керек. Мамандар биыл клеш джинс шалбар таңдау кезінде оның классикалық көк түсіне және макси ұзындығына мән берген жөн дейді.
Ал енді аяқ киімге оралсақ, ұзын етік биылғы жылдың сәнінен де қалар емес. Бұл аяқ киім сәнді болуымен қатар жылы келеді. Қонышы ұзын етікті қандай киіммен үйлестіруді ойлағаннан бұрын аяқ киімнің матасына, түсіне мән берген дұрыс. Себебі күз және қыс – суық әрі ылғалды маусым. Сапалы аяқ киім кимесеңіз, тез ауырып қалуыңыз мүмкін. Мұндайда «суық аяқтан өтеді» деген сөз еріксіз ойға оралады.
Тotal look. Айтулы жылдағы сән трендіне total look стилі де кіреді. Әдетте бұл стильді фантазияны қажет етпейтін сән үлгісі деп жатады. Оның ерекшелігі де осы: белдемше мен жейденің түсі немесе пальто мен етіктің түсі үйлесе ме, жоқ па деп алаңдамайсыз. Себебі total look – бастан аяқ бір түсті немесе бір брэнд яки дизайнердің киімін кию.
Оversize. Дизайнерлер денеге жабыспайтын, кең худи, жемпір немесе көйлек киюге кеңес береді. Оversize стиліндегі көйлектердің матасы жеңіл әрі жұқа болғаны абзал. Себебі күзде көйлектің өзін, ал қыста жемпірдің ішінен киюге де болады.

Ақнұр САҒЫНТАЙ
05 қаңтар 2021 ж. 939 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 272

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 369

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930