» » Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы маңызды

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы маңызды

Әрбір салада атқарылған іс сараланып, алға жоспар межеленетін күн алыс емес. Себебі, жылжабар уақыт жақын. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті де биыл ауқымды шараларға мұрындық болды. Әсіресе, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың сақталуы бойынша қолға алынған жұмыс көп.
Тарқатып айтсақ, осы бағытта 11 айда бірнеше бақылау жүргізілген. Нәтижесінде 220 бұзушылық анықталып отыр. Оның ішінде стандартта көзделмеген құжаттарды талап ету бойынша 93 дерек тіркелген. Мәселен, Қазалы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде жүргізілген профилактикалық бақылау нәтижесінде «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша 3 өтініш бойынша артық құжаттар сұратылғаны анықталды. Қызмет алушы К.Шуетованың өтініші бойынша мұраға құқығы туралы куәлік, С.Тогимованың өтініші бойынша тұрғын пәтерді сату-сатып алу шарты, Д.Ташамановтың меншік иесінің объектіні пайдалануға өз бетінше қабылдау актісі сұратылған. Сондай-ақ, «Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша 58 өтініш иесінен стандартта көзделмеген санаторлық-курорттық карта сұратылғаны белгілі болып отыр.
Бұдан бөлек, толық емес құжаттар бола тұра қызмет көрсету деректері де тіркелді. «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі стандартының 7-қосымшасында қоғамдық жұмыстарға жолдама алу үшін қажетті құжаттар тізбесі қарастырылғанын көпшілік біледі. Алайда, Қазалы ауданының халықты жұмыспен қамту орталығында 20 өтініш иесіне құжаттар топтамасы толық ұсынылмаса да, қызметтер көрсетілген.
Мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процесстерін сақтамаудың 41 дерегі де белгілі. Атап айтқанда, ҚР «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 25 бабы 1-тармағына сәйкес, рұқсат беру органы лицензиялау кезінде немесе рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру кезінде рұқсатты және оған қосымшаны беруге өтініш берушінің құжаттарын алған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті. Өтініш беруші құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, рұқсат беру органы көрсетілген мерзімде өтінішті әрі қараудан уәжді түрде бас тартады. Дегенмен, облыстық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан 7 өтініштің, атап айтқанда «Карабалаев К», «Саламат-К», «Axismed», «Әсем-Ай МедВет Сервис», «СМ-Clinic» және «Ziyatker» серіктестіктері, инновациялық мектеп-лицейлері, «Облыстық балалар оңалту орталығы» КММ құжаттар топтамасының толықтығы 2 жұмыс күнінен аса мерзімде тексеріліп, кеш бас тартылған деген мәліметтер бар.
Қызмет көрсету мерзімдерін сақтамау да олқылық тізімінде. Қызмет алушы «Куаныш» ЖШС-і жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсат алу үшін биылғы жылдың 20 сәуірінде облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша www.egov.kz «электронды үкімет» веб-порталы арқылы өтініш білдірген. Басқарма тарапынан 23 сәуірде «Куаныш» ЖШС-не жануарлардың пайдалануға рұқсатты 1 жұмыс күнге мерзімі бұзылып ресімделген. Осыған байланысты департамент тарапынан аталған басқарманың бөлім басшысы А.Аяғановқа Қазақстан Республикасы Кодексінің 465-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылық бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.
Қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту мәселесі де назарда. Мұндай деректер қалалық сәулет және қала құрылысы бөліміне, Қазалы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне, Арал аудандық жер қатынастары бөліміне, қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөліміне және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Қызылорда облысы бойынша филиалына қатысты тіркелді. Департаментпен анықталған бұзушылықтарды жою және қызмет алушының бұзылған құқықтарын қалпына келтіру жөнінде ұйғарымдар шықты. Мәселелердің түйіні тарқатылып, азаматтардың құқықтары да қалпына келтірілді. 12 әкімшілік хаттама толтырылып, бюджетке 437257 теңге өндірілгенін баса айту керек. Оған ӘҚБтК-нің 465-бабына сәйкес, облыстық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Арал аудандық жер қатынастары бөлімі, қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі, қала әкімі аппараты, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Қызылорда облысы бойынша филиалының лауазымды тұлғаларына қатысты әкімшілік хаттамалар кіреді.
Қазір халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны жыл сайын артуда, ал оларды алу процессі біршама жеңілдетілген. Оның электронды форматқа көшуі де – сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтарды жоюға мүмкіндік беруде. Бұл атқарылып жатқан және атқарылар істер мемлекеттік қызмет сапасын көтеріп, ел игілігі жолындағы жұмысты одан әрі күшейтуді көздейді.


Нұржан СҮЛЕЙМЕНОВ,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы

28 желтоқсан 2020 ж. 340 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031