Тағылымды тренинг
Психология – адам жанын зерттейтін ғылым. Ақпарат ағыны толассыз уақытта көпшілік рухани жұтаң. Сол себепті де көптің көңілі психологияға бұрып, өзін тани түсуде. Бұл құптарлық нәрсе. Өйткені, уақыттың басым бөлігін телефонға арнап, айналамыздағы көріністерге бей-жай қарауды әдетке айналдырудамыз. Бұл бізді күйзеліске әкеліп соқтырады. Ал күйзеліс әсерінен ел ішінде орны толмас қайғылы жағдайлар орын алуда. Осындай сәтте көмекке психолог маманның келері сөзсіз.
Мұндай жағдайдың алдын алу мақ сатында облыстық жастар саясаты мә се ле лері басқармасының тікелей қол дауымен «АйҚанат» ЖҚБ және аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жас отбасыларды қолдау» жобасы аясында ауданда семинар-тренинг өтті. Аудандық кітапхананың «Coworking» залында өткен тренингке түрлі сала маманы мен көшбасшы жастар, жас отбасылар қатысты. Ал семинарға «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, тренер, психолог Сымбат Әбдірахманова мен «Ай-Қанат» ЖҚБ жоба жетекшісі Әліби Басаров арнайы келді.
Білікті психолог тренингті таныстық тан бастап, қатысушыларды өзіне баурай білді. Қоғамдағы өзекті мәселелер талқыға түсіп, жастар өзара пікір алмасты. Нақтырақ тоқталсақ, ата-ана тарапынан кететін қателіктер, бала тәрбиесі, қазіргі қоғамның дертіне айналған суицид пен ажырасудың алдын алуға арналған психологиялық кеңестер айтылып, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Болашаққа мақсат қою, ол мақсатқа жету жолдарын да түсіндірді. Өзіңе сырт көзбен баға берудің қыр-сырын нақтылады. Берер кеңесі мен пайымды әңгімесі мол Сымбат Нұртазақызы серпіліс ойындарын назардан тыс қалдырмады. Сұрақ-жауап арқылы өткізілген еркін форматтағы тренинг қатысушылардың көңілінен шықты. Әр саладан жинақталған жас мамандар үшін бірер сағаттық көңілді демалыс болды.
– Мұндай тренингке алғаш қатысуым. Десе де, маған қатты ұнады. Жалпы психология туралы ара-тұра оқып тұрамын. Ал бұл семинар маған адам жанын түсінудің маңыздылығын, өзіңде барды бағалау қажеттігін үйретті, – дейді жас маман Ақгүлім Құрмашқызы.
Иә, жақсы адаммен өткізген жарты сағат, жаманмен өткен мың күнге татымас дейді ғой. Жас та болса біршама жетістікке жетіп, шетелде білімін жетілдірген, сан түрлі жұмысты қатар алып, отбасында үлгілі келін, аяулы жар, сүйікті ана, ал жұмыста білікті маман атанған Сымбат Нұртазақызынан үйренеріміз көп-ақ. Ел аралап, білгенімен бөлісіп жүруге де уақыт тапқан қоғам белсендісі, білімді психологтың әлі де айтары мол. Бірер сағаттың өзінде көп нәрсені ұқтырғысы келген маманға қатысушылар дән риза. Еркін де ерекше форматта өткен тренингтен шабыт алған жастар өміріне қажетті мол азық алып, көп нәрсенің қадірін түсінгендей көрінді бізге.
Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ