» » Көлігіңізді тіркетіп қойыңыз

Көлігіңізді тіркетіп қойыңыз


Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Шамшидин Әмитов Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу жұмыстары туралы айтып берді.

Биылғы жылдың 1 маусымы мен 1 қыркүйегі аралығында Армения елінен 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелінген, басқару жүйесі сол жақты көлік құралдарын тіркеуге қою жұмыстары қолға алынған болатын. Облыс тұрғындарының атына барлығы 447 армян көлігі тіркелген. Оның 259-ы тіркеуге алынды. Сонымен қатар 116-ның басқару жүйесі оң жақта орналасқан. Бұл көліктерді тіркеу үшін басқару жүйесінің оң жақтан сол жаққа ауыстырылғаны туралы арнайы мекемелерден конструкцияға енгізілген өзгерістерді растайтын куәлік алу қажет.

Көлік құралдарын тіркеу мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында 1 қыркүйекке дейін жалғасады. Одан кейін Армениядан әкелінген көлік кеден баждары мен Салық кодексіне сәйкес төленетін барлық алымдар мен төлемдер төленген соң ғана тіркеледі.

Мәселеге қатысты туындаған сұрақтарға сала маманы кеңінен жауап берді.
27 тамыз 2020 ж. 909 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№10 (10478)

07 ақпан 2026 ж.

№9 (10477)

03 ақпан 2026 ж.

№8 (10476)

31 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 372
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 230

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728