» » Ауызбіршілік танытып індетпен күресу басты мақсатымыз

Ауызбіршілік танытып індетпен күресу басты мақсатымыз

Атамыз қазақ мұндайда «Көппен көрген – ұлы той» деп сабыр ететін. «Ей, Алла, жанымды алсаң ал, пейілімді алма»,-дегенді көп айтатын ел едік. Пейіліміз тарылмаса екен. Өздеріңізге мәлім, жалпы үлкен шараларға тыйым салынып, олар тоқтатылды.
Ел болашағының кемел болуын ойлаған билік басындағы азаматтар да өздеріне артылған жауапкершілік үдесінен шығады деген ойдамыз.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев осы жағдайға байланысты қажетті іс-шаралар мемлекеттік деңгейде шешу үшін барлық жағдайды қарастыруда.
Ведомствоаралық комиссияның шешімімен санитарлық-эпидемиологиялық шаралар енгізілуде. Әрине, бүгінгі күні әр азаматтың негізгі мақсаты – осы коронавирус инфекциясының таратылуын тоқтату болып табылады. Бұл бағытта санитарлық-эпидемиологиялық қызмет қажетті барлық шараны қабылдауда.
Осы ретте сабырлылық пен тұрақтылық – біздің татулығымыз берік болуы үшін табан тірейтін тұғырымыз. Майқы би «Бетеге кетсе – бел қалар, бектер кетсе – ел қалар, берекең кетсе – нең қалар» деген де ел аузында нақыл сөз бар. Біле білген адамға бірлікке жететін байлық та, татулыққа жететін тірлік те жоқ. Татулық – бірлік негізі.
Аймақ басшысы мен аудан әкімдері халықпен етене болып, індеттің бетін қайтару үшін, халықты сақтандыру үшін жан аямай қызмет етуде. Ақпаратты халыққа дер кезінде жеткізуге күш салуда. Бұл «Ел басына күн туса, ер етігімен су кешер» дегенді көрсетіп тұр. Алла қаласа келген вирус кетер. Қуанышты күн де жетер. Ең бастысы – ежелден қанымызға сіңген жауапкершілік жүгін сезіне білейікші. «Індеттен сақтану – міндет» екенін естен шығармайық.
Жоғарыдағылар қабылдап жатқан түрлі сақтық шараларына түсіністікпен, жанашырлықпен қарап, қолымыздан келгенше қолдау көрсетейік. Жұмыла көтеріп, талай жүкті жеңілдеткенбіз. Бұл жолы да сондай ауызбіршіліктен айнымайық. Жауапкершілік – қауіпсіздік кепілі ғой.
Бүгінгі күні коронавирус індеті ең білікті деген дәрігерлердің өліміне де себеп болуда. Бұл қазаның орны толмайды. Олардың есімдері мен ерліктері ешқашан ұмытылмайды. Олар терең білімді, шыдамдылық пен жанқиярлықты талап ететін мамандықты таңдады. Соңғы деміне дейін олар мамандықтарына адалдық танытты. Мемлекет басшысы азаматтардың денсаулығын қорғаудағы олардың күш-жігерлерін үнемі ескеріп, алғыс айтып келеді. Бүгінгі мемлекеттік марапаттар – шынайы алғыс пен ризашылықтың белгісі.
Еліміздегі жұқпалы індет тез жойылып, Алла Тағала ел қамында жүрген барша азаматтарға қуат, денсаулық беріп, халқымызды және елімізді алдыңғы қатарлы елдердің қатарына қосылуға нәсіп етсін.
Қаршыға ЕСДӘУЛЕТОВ, 
Қармақшы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы
16 шілде 2020 ж. 703 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 325
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031