» » » ДОМБЫРА – ДАЛА КИЕСІ

ДОМБЫРА – ДАЛА КИЕСІ

Домбыра ерте заманда пайда болды. Бүгінгі күнге дейін саф алтындай сақталып, халықтың тыныс-тіршілігімен етене қабысып, кеңінен қолданылып келеді. Оған ұлттық аспап деген айдар тақтық. Алайда домбыраның қалай пайда болғанын білеміз бе? Алғаш домбыраның шыққан кезі түрік дәуірінен басталады. Ертеде тауқұдірет деген құс болған екен. Домбырада жалғыз ғана ішек, тауқұдіретте жалғыз қанат болыпты. Оның жалғыз қанаты еркегінің оң жағына, ұрғашысының сол жағына бітеді.



Домбыраны жасаған шебер, жалғыз ішекпен көсілтіп күй тарта алмайды. Ал жалғыз қанатты тауқұдірет қалықтап ұша алмайды. Тауқұдірет Тәңірден күндіз-түні қалықтап ұша алатын қос қанат сұрап жалбарынумен болады. Тілек қабыл болып, тауқұдіреттің аталығына Тәңір ой салыпты. Аталық тауқұдірет пен аналық тауқұдірет қатарласып ұшуды ойлайды. Осылайша «қос қанат бірігіп еді, ұшты. Егер домбырада қос ішек болса ше?» деген шебер екінші ішек тағып көреді. Қос ішекті домбырасын тартып көрсе, ғажайып үн шығады. Домбырашының қуанышында шек болмайды. Тіптен риза болғаны сонша  ең алғашқы күйін тауқұдіретке арнайды.
Жошы ханға баласының өлімін күй арқылы жеткізген домбыра емес пе? Аңыз бен болған оқиғаны бір күйдің ішіне топтастырып, тарта жөнелгенде түсіне білген адам сол оқиға орнында өзі жүргендей күй кешеді. Бабаның мұңы, ананың сыры, даланың үні болған домбыраның дауысын естімеген құлақ жоқ шығар. Бұл аспаптың сазды әуені бір пенденің құлағына жетсе болғаны жүрегін жылытып, күмбірлеген қоңыр дауысымен адамды бау­рап алады. Домбыраның үні өшсе, қыран құстың да қанаты үзілгендей күй кешеріміз анық.
Шілденің бірінші жексенбісі домбыра күні деп бекітілді елде. Жыл сайын атап өтілетін бұл мерекенің ұлттық руханиятқа қосар үлесі зор. Ұлттық аспапты ұлықтау мақсатында тың бастама бой көтеріп, көптен бері қолдау таппай жүрген игі дүниенің қайта жаңғыруы ғажап емес. Көп нәрседен үміттенетін біз  аудандық ардагерлер аллеясында оқушылар үйі жанынан құралған «Жас толқын» аулалық клубының өткізген шарасына куә болдық. Ұлттық домбыра күніне орай «Ұлттың саз байрағы – Домбыра» тақырыбындағы «домбыра party»-ға жастар жиналды. Шараның мақсаты – қазақтың ұлттық аспабы домбыра туралы оқушының дүниетанымын кеңейту, өнерді бағалай білуге тәрбиелеу. Күннің аптап ыстығына қарамай аталмыш шараға барлық аулалық клуб жетекшісі мен мүшелері қатысты. «Халық әні» үйірмесінің мүшелері қазақтың «Балбырауын», «Адай», «Шалқыма» сынды күйін нақышына келтіре орындап, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. «Шұғыла» аулалық клубының жетекшісі Ж.Алпысбаева «Еркем-ай» әнімен қатысушыларды таң-тамаша етті. Дәл осы күні орталық кітапханада «Қазағымның үнісің, сен, домбыра» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Оқырманға кітапханашылар ұлттық аспаптың шығу тарихы туралы түсінік берді. Көрмеде қазақтың домбыра өнерінен терең мағлұмат алатын кітаптың көптігі қуантты. Оқырмандар ішінде домбыра шерте алатындар да кездесті. Олар ән айтып, мерекелік сезім сыйлады.

Гүлжанат ДҮЗЕНОВА
10 шілде 2019 ж. 3 008 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 021

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031