» » » ТУҒАН ЖЕРГЕ ТАҒЗЫМ ЕТТІ

ТУҒАН ЖЕРГЕ ТАҒЗЫМ ЕТТІ

Жуырда, Республикалық Игілік журналының Қызылорда облысы бойынша ресми өкілі Тамара Қалабайқызының ұйымдастыруымен, қасиетті Қармақшы топырағындаҰлы дала елінің дара тұлғалары, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдерімен сәтті сағат, мазмұнды кездесу болып өтті. Кездесу Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп лицейінде өтіп, қонақтар мен жүздесті. Шараның алғы сөзін ардагерлер кеңесінің төрағасы Жақсыбай Жәкеев алып, қонақтардың Сыр еліне келген қадамына сәттілік тіледі.
Кеш қонақтары ҚР Қазақстан ұстаздары қоғамының бас хатшысы, ҚР журналистер одағының мүшесі, Республикалық Игілік журналының бас редакторы Меруерт Әйтенова, Насиха Кенжина, Гулия Иманова және Қармақшы елінің мақтанышы Мафура Молдақұловалар сөз сөйлеп, туған жерге деген ыстық лебізін білдірді.
Кездесу одан әрі марапаттау рәсіміне жалғасты. Екі дүркін «Гиннес» рекордтар кітабына енген халықаралық дәрежедегі спорт шебері Серік Құлмырзаев, Кәжденбек Баймаханов, Сұлтанбек Тәуіпбаев, Нысанбай Құрманғазиев, Болат Дүзімбетовтер «Қоғам қайраткері» медалімен марапатталса, «Ұлт жанашыры» медалімен Дәрігүл Ботабаева, «Үздік ұстаз» медалімен Райкүл Ахметова және Роза Құрманбаевалар марапатталып, ыстық ықыласқа бөленді.
Кеш соңында кент ардагерлер кеңесінің төрағасы Жақсыбай Жәкеев келген қонақтарға аудан шеберлері қолынан жасалған ескерткіш мүсіндермен сый-сияпат жасады. Зиялы қауым өкілдері одан кейін сан ғасырлық тарихы бар Қорқыт бабамыздың ескерткіш кесенесіне барып тағзым етті.
Ерсін СӘДУҰЛЫ,
«Қармақшы таңы»   
 
19 сәуір 2019 ж. 1 095 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 211

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930