» » » БІР ТҮП АЛМА АҒАШЫ

БІР ТҮП АЛМА АҒАШЫ

«Баяғыда бір түп алма ағашы болыпты. Ол әбден жемісі көбейіп, үлкен болып өскен тұста: «Енді қожайыныма бұдан да көп алма берсем»  деп армандаған  екен. Бірақ  бұтақтары…»
Міне, осы аңызды арқау еткен Ә.Оразбековтің «Бір түп алма ағашы» драмасықазақ театрына көптеген жылдар бойы азық болып келе жатқаны мәлім. Бұл қойылым өзге өңірлерде қанша сахналанса да өз құндылығын жоймай келеді.

Иә, театр қойылымын іздеген жандар кеше аудандық мәдениет үйіне жиналды. Облыстық Нартай Бекежанов атындағы музыкалық драма театры осы қойылымымды аудан халқына ұсынды. Шығарма күнделікті қоғамда болып жатқан ащы шындықты бейнелейді. Кейіпкердің әрқайсысы өз тұрмысын күйттеп кеткені сонша, мүгедек бауыры мен жалғыз басты анасын да ұмытқан. Анасының туған күніне келген бір үйдің төрт баласы бір-бірімен жаға жыртысуға дейін барады. Бұл жолғы туған күнге әрқайсысы өз мақсаттарын жүзеге асырып кетуге келгендей. Тіпті мүгедек бауырының кішкене өтінішін орынщдамай, айтқан затын сатып әкелмегені арқылы, олардың арасындағы бауырмалдық сезімнің ізінің де қалмағанын аңғаруға болады. Қойылым қоғамда болып жатқан әлеуметтік мәселені көтереді.   Мұнан әркім өзін көруге мүмкіндік бар.Шығарманың негізгі өзегі – мейірімділік. Иә, бүгінде адамнан мейірім кетіп барады. Әр адамның санасын тұрмыс билеп, өз отбасын құрып үлгерген көпбалалы отбасыдан тараған бауырлардың бір-біріне, қоғамға деген мейірімсіздігі анық байқауға болады.
Көрермен бұл қойылымды жанарына жас алып тамашалады. Рас, жыламау тіпті мүмкін емес еді. Өмірдегі ең асыл жан ананы қадірлемеу, бірге туған бауырыңды сыйламау, міне бұл біздің адами болмысымыздың жоғалуына алып келеді. Ойланайық, жақындарыңыздың жанын ауыртқанша, оны қуантуға асығыңыз!
Ақнұр САҒЫНТАЙ,
«Қармақшы таңы».
19 сәуір 2019 ж. 2 630 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (10465)

20 желтоқсан 2025 ж.

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 108
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 757

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031