» » » Реніш туралы өсиет әңгіме

Реніш туралы өсиет әңгіме

Шәкірті ұстазынан: - Сіз сондай ақылдысыз. Үнемі көңіл күйіңіз көтеріңкі болады. Ешкімге ашуланбайсыз. Маған дәл өзіңіз секілді сабырлы болуға көмектесіңізші, - деп өтініш білдіреді.

Шәкіртінің өтінішін ұстазы қабылдап, түссіз пакет пен картоп алдырады.

- Егер сен біреуге ренжіп, ренішіңді іште сақтайтын болсаң, қолыңа бір картоп ал. Ренжісіп қалған адамыңның есімін сол картопқа ойып жазып, пакеттің ішіне сал.

- Бар болғаны осы ма? - деп шәкірті таңырқап қалады.

- Жоқ, - деп жауап береді ұстазы.

- Сен үнемі өзіңмен бірге осы пакетті алып жүруің керек болады. Біреуге ренжіген сайын әр кез бір картоптан қосып отыр. Шәкірті ұстазының айтқанын бұлжытпай орындайды.

Арада біраз уақыт өтеді. Шәкірттің пакеті картопқа толып, айтарлықтай ауырлайды. Оны өзімен бірге алып жүруі қиынға соғады. Әрі картоп бұзылып, жағымсыз иіс шығара бастайды. Сол кезде шәкірті ұстазына келіп:

- Өзіммен бірге мұны алып жүру мүмкін емес. Біріншіден, пакет тым ауыр. Екіншіден, картоп бұзылып, жағымсыз иіс шығарды. Мұның орнына басқа тәсіл ұсыныңызшы, - дейді.

- Сенімен дәл осындай жағдай болып жатыр. Сен мұны бар болғаны байқай алмай тұрсың. Біздің жасаған істеріміз әдетке, ал әдетіміз қатыгез мінезге айналады. Мен саған осы үрдісті сырттай бақылауға мүмкіндік бердім. Біреуге ренжімес немесе ренжітпес бұрын әр кез мұның қаншалықты қажеті бар екенін ойла, - деді ұстазы.

Расымен де біреуге ұзақ уақыт бойы ренжігеніміз қаншалықты дұрыс? 

29 қараша 2024 ж. 340 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 324
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031