» » » Шүлдік ойнап көрдіңіз бе?

Шүлдік ойнап көрдіңіз бе?


Төтеннен сауал келіп «Ұлттық ойын түрлерін білесіз бе?» десе, көкпар, алтыбақан, қыз қуу, асық ату, ләңгі тебу, ақ сүйек, арқан тарту деп бес- алты саусағымызды бүгіп, ойға аламыз. Өйткені бүгінде ел арасында ұлттық ойындарымыздың тек осы түрлері ғана насихатталып келеді. Біліп қана қою бір бөлек, «Ойнап көрдің бе?» деген сауалға мардымды жауап аларымыз тағы күмәнді. Жалпы қазақ халқы ұлттық ойынға өте бай. Алайда балалар арасында көптен ұмытылған бір ұлттық ойын бар. Ол – шүлдік. Негізгі атауын қазаншүлдік деп те атайды.
Заманына қарай салты демекші, қазақ ойындарының көбісі уақыт талабына ілесе алмай ұмыт болып, қолданыстан шығып қалуда. Ал біз айтқалы отырған шүлдік ойынының ережесі бөлек.
Қазаншүлдіктің қазіргі таңда балалар арасында жиі ойналмайтындығын да түсінуге болады. Себебі, бұл жыл мезгілін талғамайтын, он екі ай бойы ойнауға келетін ойын түрінен емес. Тек оңтүстік өңірлерде болмаса, қалған суық аймақтарда жаз айларында ғана ойналады-мыс.
Үлкендердің айтуынша шүлдік ойнауға көп дүние қажет емес. Ең әуелі ойынның тәртібін білу маңызды. Одан кейін әлгі ойынға икемің болу керек. Егер ойын барысында қарсыласыңа ұтылып қалған жағдайда бұлтартпай, барлық талаптарды орындау міндеттелген. Сонымен қатар ойынға қатысты құрал-сайманың болуы керек.
Ұлттық ойын қазақ ауылдарында кеңінен тараған. Яғни жылдың жылы мезгілінде ғана ойналады десек, оны 6 жастан асқан ересек екі бала ойнайды. Ең әуелі тегіс жерден көлемі бас киімдей шұңқыр қазылады. Оны қазан деп атайды. Ойынды ұстасу арқылы бастайды. Таяқты қолдарымен кезек-кезек ұстап, таяқтың сыртында кімнің қолы шығып қалса сол ойынды екіншісі бастайды. Бірінші ойыншы қолына шүлдікті (таяқты) алып, қазаннан 5-6 қадам жерге барып тұрады. Ал екінші ойыншы қолына 1 аршыннан аса таяқты алып, қазанның басында болады. Осыдан кейін бірінші ойыншы шүлдікті қазанға дәлдеп лақтырады. Шүлдік қазанға келіп түссе ойыншылар орын ауыстырады. Ал егер шүлдік қазанға түспесе, екінші ойыншы осы сәтті пайдаланып, шүлдіктің ұшын таяғымен ұрып, қазаннан алысырақ лақтырып тастауға тырысады. Бірінші ойыншының лақтырған шүлдігі қазаннан бір аршынға жақын түссе, екінші ойыншы шүлдікті 3 рет лақтырады. Осы орайда екінші ойыншының лақтырған шүлдігі қазанға түссе онда барлық ұтысынан айырылып, орынын бірінші ойыншыға береді. Егер қазанға шүлдігі түспесе онда шүлдікпен қазанның арасындағы аралықты есептеп, жинаған ұпайын санайды. Мұнда бір таяқ – 10 ұпайға тең. Кім көп ұпай жинаса сол жеңеді. Ал жеңілген балаға қызық жаза қолданған. Мәселен, күлді үйіп астына асықтарды жасырған. Ойыннан жеңілген баланың бетін жуып, сырт киімімен басын орап, асық көрінгенше күлді үрлеткен. Асық көрінген кезде күл арасынан оны тісімен алғызады. Осылайша ойын аяқталады.
Иә, қазақтың әрбір ойындарының түбінде ұлтқа деген сүйіспеншілік болған. Қай-қайсысын алып қарасақ та денсаулыққа пайдасы зор. Онда тек көңіл көтеру ғана емес, сонымен бірге спортпен шұғылдануды көздейді.
Ерсін СӘДУҰЛЫ


11 ақпан 2024 ж. 526 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031