Төл тарихымыздың құнды жәдігері
Өткен күндер, яғни тарих қойнауындағы айтулы оқиғалар мен жалпақ жұртқа аты мәшһүр тұлғалар туралы ойлап, ой елегімізге салсақ, санамызда бұлыңғырланып, аса ерекше сезімге бөлеп толғанта алмайтыны көпшілігімізге айдан анық. Алайда, сол өткен күндердегі тарихи оқиғалардың маңыздылығымен тарих сахнасындағы тұғырлы тұлғаларымыздың ерекшеліктерін көз алдымызга елестетіп, қазіргі қоғамдағы көрініс ленталарымен салыстырып қарасақ, санамыздағы бейжайлықпен тарихқа деген немқұрайлы көзқарастан арыларымыз хақ.
Тарих дегеніміз – ойлаған адамның санасында әртүрлі мысалдармен түсінік қалыптастырып, бір ұғымға түйісетін, өткен күндердегі айтулы оқиғалардың болмысы.
Жалпы тарих, ұлттық тарих, өлке тарихы, барлығы бір-бірімен сабақтасып, бір қазанда қайнап жатқан тіршіліктің қозғалысы секілді.
Әр елдің айтулы өз тарихы бар... Сөз төркіні, ел бар жерде, тіршілік бар, тіршілік бар жерде тарих бар және сол тарихты қалыптастырған тұлғалар бар.
Қармақшы ауданы, жалпақ тілмен айтқанда Сыр өңірі, оның ішінде Қорқыт елі, күллі Қазақ еліне Қорқыт ата, Байқоңыр ғарыш айлағы атауларымен таныс өлке.
Осы ретте жақында өңіріміздегі қатпарлы тарихымыздың біріне айқын дәлел бола алатын құнды жәдігер, тарих сахнасына шығып сырын ашты.
Ол тарихи жәдігер өз заманында үш жүздің пірі атанған, әулиелігімен танымал болған, өмірі рухани мұраға толы, Ислам дінінің рухани шамшырағы, діни тұлға Марал ишан Құрманұлының қазақтың соңғы ханы – Кенесары ханға сыйлаған Құран кітабы.
Марал ишан барша қазаққа танымал адам болған. Ол – төл тарихымызда ерекше орны бар Кенесары ханның үзеңгілес серігі.
Құран кітап екі ғасыр уақыттан бері, сырын бүгіп, қолдан-қолға, шетел асып кеткен екен. Алайда жанашыр азаматтардың, (меценаттардың) атсалысуымен қазақ еліне қайтарып алынған.
Айтулы жәдігерге жан-жақты сараптама жасалып, Марал ишанның және Кенесары ханның мөрі басылғаны туралы, отандық және шетелдік ғалымдар мұқият зерттеуі бойынша анықталып, Құран кітаптың Марал ишанға тиесілі болғаны, Кенесары ханға берілгені белгілі болды, – деп Түркістан қаласында өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеме жасады.
Бұл дегеніміз – еліміздің рухани өміріндегі елеулі оқиға. Я сондағы айтпағым, күллі қазақ еліне ортақ болған тарихи жәдігердің ауданымызға тікелей байланысы бар екендігінде.
Дінтанушы ғалым Мұхан Исаханның деректері бойынша «Ишан – дін жолындағы кім көрінгенге берілетін атау емес. Ишан болу үшін арнайы діни мектепте оқып, діни ұстаздан теориялық білім алып, оны тәжірибесімен сабақтастырып, рухани ілімді жан-жақты игеру шарт. Рухани ілімді толық игерген кемел адам ғана ұстазынан иджаза (диплом) алып, ишан атанып, бұл ілімді паш етуге рұқсат алған кісі».
Алайда, өкінішке қарай, ХХ ғасырдың басында Кеңес үкіметінің орнауымен дін адамдары қуғындалып, ишандық мектеп ауыр соққыға ұшырағандығы белгілі.
Профессор Аманжол Күзембайұлының деректерінде Марал ишан Сыр өңіріне келген кезінде жеті мешіт салдырғаны, Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалысында діни басшы болғаны айтылады.
Сондай-ақ 1821 жылы ол өзін императорға жолықтыруын сұрап, Орынбор әскери генерал губернаторы П.Эссенге және Сібір әскери бөлімінің бастығы генерал П.Капцевичке хат жолдаған.
Бабамыздың қыр мен Сырға кең жайылған ата-даңқы, отаршыл орыс үкіметінің үрейін алды. Оның іс-әрекеті орыс ұлықтарын қатты абыржытып, әрбігерге салды. Қазақ-орыс арасындағы саяси мәселелерді Марал бабамыз келіссөз арқылы шешуді көздеді. Омбыға Керей болысының ақсақалы Байсал арқылы жіберген екі хатында, қазақтарды зорлап шоқындыруға, құнарлы жерлерді тартып алуға қарсылық білдіргендігін байқап, Марал ишанның саяси да сауатты екенін аңғарамыз.
Ишанның тағы да бір елге жасаған қызметі қазіргі тілмен айтсақ, дәрігерлік еңбегі. Оның медреседе діни іліммен қатар, дәрігерлікті қоса меңгергені. Қазіргідей аурухана, дәрігер, дәрі-дәрмектің жоқ кезінде талай науқасты дәрілік шөптермен қатар, дем салу арқылы елдегі талай ауруларды емдеп жазған.
Осындай тарихи тұлғамыздың ғұлама ғалым, әулие-ұстаз болғандығын, 1822 жылы патша үкіметі «Сібір қырғыздарының (қазақтарының) Уставы» атты Заң қабылдап, қазақтың ұлттық, діни дербестігінің көрінісі болып табылатын хандықты жою туралы жарлығына қарсы Ғазауат (ұлт азаттығы үшін күрес) соғысын жүргізгендігін болашақ ұрпаққа насихаттап, мақтан етеміз.
Марал бабамыз қолбасшыларға әр уақыт дұға етіп, ақ батасын беріп отырған. Көтеріліске қатысушыларға діни басшылық жасау үшін Марал хан сарайының Кеңес құрамына кіреді. Кенесары көтеріліс бастап, бодандыққа қарсы шайқасып жатқан кезде Марал ишан Батыс-Сібір мұсылмандарының діни басшысы болады. Бұдан былай даулы мәселелер шариғат үкімі бойынша шешіліп отырды. Қазақ қосынына рухани демеу көрсетіп, кей жағдайда өз бойындағы керемет қасиеттерімен де көмектеседі. Марал бабаның жоғарыда айтылып кеткен қызметтерін, қазіргі уақытпен салыстырып қарасақ, Қазақстан Республикасының орталық билігінде отырған жоғары шенді тұлғалардай қызметте болғандығын көруге болады.
Арада қанша уақыт өткенімен Марал ишанға деген құрметіміз артпаса, кеміген емес. Өйткені әулиенің ескіріп көнермейтін құнды дүниелері, тағылым-тәрбиеге толы ғұмыры, халқымыз үшін атқарған өлшеусіз еңбегі біздерді имандылыққа, білімділікке, отансүйгіштікке, сондай-ақ ұлтжандылық, і имани ұлы мінездерге қарай жетелейді.
Халқымыз әулие-абыздар мен ишан атағына ие болған тұлғалы жандарды қатты қадірлеген. Олардың есімдері алты Алашқа жайылып, бүгінгі күнімізге дейін ұмытылмай келеді.
Осы тұста Қармақшы жеріндегі Марал баба ұрпақтарың, асылдың сынығындай орны бөлек. Ол турасында өскелең ұрпаққа, көпшілік қоғамға насихаттап таныстыруда тікелей ұрпақтарының ықпалы зор....
Сөз соңында ескерілетін жайт, осы мақала барысында айтылған деректердің негізіне түрткі болып отырған құнды жәдігер, яғни Марал бабаның Кенесары ханға берген Құран кітабы. Осы кітаптың көшірмесі Марал бабаның мәңгілік орын тапқан мекеніндегі Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану музейінің экспозициясына қойылса, баба туралы әлде де кеңінен насихаттауға мумкіндік артар еді.
Әзірбек ІЛИЯСБЕКҰЛЫ,
аудандық тарихи-өлкетану
музейінің ғылыми қызметкері