» » » Тілегі тәтті балақай!

Тілегі тәтті балақай!

Мен әлемдегі бақытты балалардың бірімін. Себебі мені еркелететін, мойынына асып, арқалайтын атам, маңдайымнан сипап, ертегі айтып ұйықтататын әжем, аялы алақанды анам, жүрегі шексіз мейірімге толы әкем мен балдай қылықты бауырларым бар.
Сабақты жақсы оқып, ұстаздарымның, мектебімнің мақтанышы атансам ата-анамның да көңілдері көтеріңкі болатынын білемін. Іні-сіңлілеріме қамқоршы, білгенім үйретіп, ата-анамада көмектесуден жалықпайтын боламын.
Сондықтан олардың мәуелі бәйтеректей көз алдымызда жайқалып жүре бергенін қалаймын. Сіздердің жанымызда болғандарыңыз, балаларыңыз үшін үлкен бақыт!
Келе жатқан 2023 жыл сіздерді қуантудан жалықпасын. Сіздердің амандықтарыңызды тілеп, осы жаңа жылды бірге қарсы алу сәтіне жеткізген Алла Тағалаға разылық білдіремін. Талай жылды бірге қарсы алу бақыты бұйырсын деймін. Бауырларыма да жақсы күндері көп болсын, аспандары ашық болсын, әрқашан күлімдеп, жадырап жүре берсін деймін.
Жүздері жайнаған достарым, ата-әжем, акем-анам мәңгі жанымда болып, көңіліміз даладағы аппақ қардай таза болсын, еліміз өркендей берсін деп тілеймін.
Ақторғын Алмасова Иманқұлқызы,
мектеп оқушысы.
15 қараша 2022 ж. 715 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (10458)

25 қараша 2025 ж.

№89 (10457)

22 қараша 2025 ж.

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 930
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 625

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930