» » » Ақсақал айтқан әңгімеден үзінді

Ақсақал айтқан әңгімеден үзінді

 Әбу Сәрсенбаевтің алпыс жылдығы. Чапаев Караколоводсий совхозынан шыққаннан кейін таңертеңгісін, шәй ішіп алдық. Елі Қажекеңе (Қажым Жұмалиев) ат мінгізді, Әбуға ат мінгізді. Екеуін алып, Ләззат апай, қызы, жеңгесі бәріне сағат, сақина сияқты сыйлықтар беріп жатты. Жүріп кеттік. Қар да, жаңбыр да басылған. Айнала тегіс балшық. Кез келген жерлерге машина тығылады. Мынау Забурный Караколоводсий совхоз. Біз ертеңгі астан бері дәм татпағанбыз. Соны біліп, Забурныйлықтар, үлкен клубтары бар екен, соның орындықтарын бәрін шығарып тастап, үлкен дастархан жайды.
П әріпі Ортасында Әбу әйелі, қыз, жеңгесі, Қажым, Хамза Есенжанов бар. Ортадағы столдың ең шетінде Хамза отыр. Ар жағында ұзын үстел кеткен. Басында мен. Мына жағында Ғарекең, бір журналист бар, Әбудің досы, шетінде Төкен Әбдірахманов. Оның ар жағында ұзын үстел кеткен. Басында Хамит Ерғалиев, ар жағында Зейнолла. Менің қасымда Раушан деген жас қыз. «Оқисың ба?» десем. «Оныншы бітірдім» дейі. «Қазір қайда?» «Почтада істеймін». Тым жақсы қыз. Не айтарымды білмедім. «Бастықтарың кім?» дедім. «Қырыққа келген біреу» деді. Мен нағыз қырықтамын. Зейноллаға айттым. «Сен сонда отыршы айналайын. Сен менен үш жас кішісің ғой. Анау қырықты жақтырмай жатыр» дедім. Содан райсполкомның бастығы әйел адам: «Жерлесіміз Әбу Сәрсенбаев алпысқа келді. Академик жазушы Қажым Жұмалиев бастап келді. Жеңгемізді, қызын айтты. «Ақ Жайықтың» авторы ол да жерлесіміз Хамза Есенжанов, сосын Абайдың еліне, бір ауылдан, тобықты, КасПИ-дің доценті, атақты әдебиетші Төкен Әбдірахманов, сосын өзіміздің жерлесіміз, ақиық ақын Хамит Ерғалиев бар» деді. Хамит Ерғалиев атып тұрды. Оң қолымен сарт етіп маңдайының үстіндегі қалың, бұйралау шашын уыстап ұстап алып: «Ойбай-ай, ойбай, қор болдым ғой, ойбай-ай өз еліме келіп. Ойбай неге келдім? Ойбай-ай». Аузымыз асқа тимеген. Өзіміз тоңып отырмыз. Енді жылынамыз деп отырғанда, аяқ астынан зарлады. Қажекең тіп-тік. Бәріміз дем алмай қалдық. «Ойбай-ай. Өлген жерім осы болды-ау». Аң-таңбыз. Білмейміз себебін. Содан бір кезде барып: «Ойбай-ай, масқара болдым ғой. Неге келдім? Ойбай-ай Төкеннен кейін аталдым ғой» деді. Ақын! Не істейсің? Қажекең атып тұрды. Пахан болған адам ғой. Алдында шампан тұр. Аузы ашылмаған. Мойнынан ұстап алып: «...қатырамын қазір сені» деп дір-дір етеді. «А мен де» деп ол да бөтелкені ұстай беріп еді, Зейнолла жеңінен тарты. «Не?» деп кіржің ете қалды. Құлағына сыбырлады. Қайтадан ұстай беріп еді, тағы тартты. Тағы сыбырлап еді, «ә, онда ағамыз осылай десе, кешірім өтінеміз» деп отырды. Тамақ іштік. Бәрі ұмытылып кетті. Үзіліс кезінде Зейноллаға бармаймын ба: «Хамаңды жеңнен тартып сыбырлап едің, онша илікпеді. Қайта ұстай бергенде қайта тарттың. Не дедің?» «Не дейм, алғысында айттым. Қажекең белгілі адам ғой, тентек адам. Анау қатырам депді. Қатырады. «Мен де» деп қайта ұстады. Қайта жеңінен тартып, «Хама, СССР мен СШАның жағдайы. Кімнің қолы кнопкада тұр сол қатырады. Оның кнопкасы шампан қолында тұр. Сіз сілтеймін дегенше, сізді маңдайдан сарт еткізеді» депті. Он күн жүрдік. Қажеке, Қажеке. Карл Маркс көшесінде менде алты бөлмелі үй болатын. Ең түпкірінде кабниет. Екі квартиран қосқан ғой. Жұмыс істеп отыр едім. Қоңырау. Хамаң. «Әбеш, не істеп жатсың?» «Жұмыс істеп отыр едім». «Қой мына ешкімге айтпа. Мен ғана естиін. Үйде өзің жақсы көретін екі жігіт. Әбіш пен Зейнолла отыр. Әнуаш етін түсірейін деп жатыр, тез кел» деді. Мен Карл Маркс Калинин, ол опера театрының сыртында, Абылайхан мен Құрманғазы көшелерінің қиылысында тұрады. Жаңадан салынған төрт бөлмелі үй. Жұмысты тастап барсам, етті жеп қойыпты. Екі бөтелкенің бірі ішілген. Бірі жартысына дейін. Мен келген бойда: «Ал, Әбеш, отыр». Құйды. Зейнолла столдың басында. Ар жағында Әбіш. Көңіл күй жоқ. Етті жеп қойған. толтырып құйды да, мені ой мақтады. Ал алып қоялық! Қайтадан, жаңағы мақтаған мақтаған емес, бұлттың ар жағына шығарды. Алып қойдық. Тағы құйды. Маған «Әбеш, сен сөйлеші» деді. Мен көңілсізбін, жұмысты тастап келгем. Хамаңның мақтағанды жақсы көретінін білемін. «Құдай берген адамсыз ғой. Ақиық ақынымызсыз. Талант қандай. Ұлыңыз да, қызыңыз да бар. Әнуар жеңгеміз. Ал Хамаң үшін, Хамаңның денсаулығы үшін алып қоялық» дедім. Анау екеуі тұрып, стакандарын ұсынды, Хамаңа ұмтылып жатырмыз, Хамаң стаканын қолымен басты да, маған сыртын беріп: «жоқ, мен бұған ішпеймін» деді. «Шүкір, денсаулығым мықты. Осы күнгі жастарды түсінбеймін. Сөйлесе ар жағынан дені дұрыс сөз шықпайды. Сараң қатынның мес түбінен сығып алған майы секілді» дейді. Сонан «Әнуар, шәй құй» деді. Маған әлі сыртын беріп отыр. Әнуар қайта шәй құяйын деп еді, құйғызбады. «Сен немене шөл далада кресшілердің түйелері шөлдегендей шорылдатып құя бересің. Болды, жаңа етке тойған адамға шәй бата ма?!» деді. Содан тұрдық. Сыртқа шықтық. «Әй, не болды? Не жаздым? Жұмыс істеп отыр едім, таста деді. Тастадым. Сөйле деді. Сөйледім. Тілім жеткенше мақтадым. Денсаулық бәрімізге де керек қой» «Сен әлі түсінген жоқсың ба? Ол денсаулықты қайтсін? Арақ ішіп, темекі тартып денсаулығын қалай құртарын білмей жүрген адам. Денсаулық дейсің. Сен жөнінде екі рет көтерді. Мақтағанда космосқа шығарды. Сен денсаулық дейсің? Олай болмайды» деді Зейнолла. Ой заман-ай! *** Бірде Жазушылар одағы басшыларының бірі Сейітжан Омаровқа жолығуға бардым. Сейітжан Омаров шаруаға ебі бар, іскер адам болатын. Бірақ, қорқақ, кез келген адамнан үркектеп, күмәнданып сөйлесетін. Барсам, Ғәбең отыр екен. Мен күтіп тұрдым. Сол кезде Сафуан кіріп келді де: «Ғабит осында ма?» деді. «Иә». Есікті ашты да: «Әй, Ғабит мен сені күтіп қалдым ғой» деді. Ғабеңде үн жоқ. Есік ашық тұр. Менен енді Сафуан биік, есікті көлегейлеп тұр. Бірақ есікті жұлқып ашқанда иығының қисайған жағынан қарасам Ғабең бұрылып қарапты. Үн жоқ. Жаңағы мен көрген қалпында қатып қалған. Бірақ көзін анаған қадап, сұп-сұр боп тұрып қалған. Мен Сафуанды сыртынан көріп тұрмын. Екі құлағының ұшы қызарап, самайы қызарды, желкесі қызарды. Ғабеңде әлі үн жоқ. Анау есіктің жақтауына жабысып қалғандай. О да жаңағы қызу қалпымен келіп айтып қалып, менің «іште отыр ғой» деп ақырын сыбырлап айтқанымда, ал сен солай болсаң, мен қазір көрсетейін дегендей. Содан әбден дуылдатып, қызартып алды. Қолғабы жұқа еді. Шарфы, бас киімі, үстіндегі киімі түстес. Бір кезде барып, ұзақ паузадан кейін, қолындағы қолғабы «бар, сенде менің жұмысым жоқ. Кете бер» деді де Сейітжанға қарады. Жаңағы Сафуанның жағдайын айтсаңшы... Сәбит пен Ғәбитттің ауылдары іргелес болатын. Сәбеңнің ауылының орысы көп, Ғабеңнің ауылы орыстан тазалау болатын. Сафуан да сол екеуінің ауылына жақын. Мені таңғалдырғаны, жиырма жас кіші Сафуанның: «Әй, Ғабит, мен күтіп қалдым ғой. Неғып жүрсің?» дегені сөзі еді. Сондай болатын... Талай жыл өтті. Мен «Жұлдызда» редактормын. Алпыс үшінші жылы. Түске тамақ ішіп, Кировпенен одаққа келе жатсам Сейітжан Омаров та келе жатыр екен. Басында қалпағы, үстінде макинтож. Амандасып, сөйлесіп келе жатып, почтадағы сағаттың тұсына келгенде «Әй, Секе, есіңізде ме, сіз секретарьсыз. Ғабең сізге солай кірді. Сафуан кірді. Жаңағыдай деді» деп ем, әлгі кез келгеннен үркектеп, күдіктеніп деген сөз бар, жан-жағына қарады да, ақырын: «иә, иә, есімде, есімде» деді.

Жазып алған: Бағашар Тұрсынбайұлы
"Қамшы" сілтейді


29 қазан 2019 ж. 1 180 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031