» » Олбыстық олимпиада болып өтті

Олбыстық олимпиада болып өтті

Қармақшы ауданы Ақжар ауы­лындағы №28 орта мектепте «Өрлеу» Біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» АҚ филиалы облыс бойынша педа­гогикалық қызметкерлердің білік­тілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен Қазақстан тарихы пәнінен 9-10 сынып оқушылары арасындағы Сәден Нұртаев атындағы облыстық олимпиада тұңғыш рет өтті.
Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында туған жерге сүйіспеншілік ұғы­мының мағынасы мен мәнін ашып көрсеткен. Кіндік қаны тамған жеріне қамқорлық жасап, оны түлетуге көмектесу қолынан іс келетін адамдардың әрдайым ойында жүреді. Осы күні Сәден Нұртайұлының ұрпақтары атынан баласы Р.Нұртаев Ақжар ауылындағы №28 орта мектепте тарих кабинетін ашып, оны соңғы үлгідегі оқу құралдарымен жабдықтап берді. Кабинеттің ашылу салтанатында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары И.Құттықожаев туған жерге тағзым етудің үлгісін көрсеткен азаматтарға алғысын жеткізді.
Ұйымдастыру комитеті аудан­дық кезеңнен өткен барлық оқу­шыларға және жетекші мұ­ға­лімдерге арнайы сертификат пен қаржылай сыйақы та­ғайындады. Пәндік олимпиада қоры­тындысымен 9-сыныптар арасында І орынды Жалағаш ауданы №246 орта мектебінің оқушысы А.Бақтиярова, ІІ орынды Арал ауданы №62 орта мектеп-лицей оқушысы Р.Қайырла және ІІІ орынды Қармақшы ауданы №29 орта мектептің оқушысы Қ.Мырзағали жеңіп алды. Ал 10-сыныптар сайысында І орынға Сырдария ауданы №129 орта мектеп оқушысы И.Келдібай, ІІ орынға Қазалы ауданы №249 орта мектеп-лицей оқушысы Р.Әзілхан, ІІІ орынға Арал ауданы №57 орта мектеп оқушысы Ж.Жақсылықов ие болды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дип­ломдармен, қаржылай сыйақымен марапатталды.
12 мамыр 2018 ж. 8 223 1 012
Пікір қалдыру

Пікір 1 012

canadian drug store от 8 шілде 2025 00:25

online drugstore reviews от 10 шілде 2025 05:33

get prescription online от 10 шілде 2025 19:11

medicine canada от 12 шілде 2025 01:54

prescription prices от 12 шілде 2025 10:33

PDF нұсқалар мұрағаты

№53 (10421)

19 шілде 2025 ж.

№52 (10420)

15 шілде 2025 ж.

№51 (10419)

12 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 087
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031