» » » Димаш Құдайберген «Виктория» музыка байқауының финалына шықты

Димаш Құдайберген «Виктория» музыка байқауының финалына шықты



3 желтоқсанда Ресейдің «Виктория» ұлттық музыка сыйлығы тапсырылады. Әнші Димаш Құдайберген байқаудың «Үздік поп әнші» аталымында Your love әнімен ұсынылған, деп хабарлайды kyzylorda-news.kz ақпарат агенттігі.
«Виктория» сыйлығын тапсыру рәсімі Кремль сарайында өтеді. Биылғы байқауда көрермен болмайды. Алайда концерттің телевизия нұсқасы 18 қаңтарда «Россия-1» телеарнасы көрсетеді.
«Виктория» сыйлығын ақын, меценат Михаил Гуцериев, композитор, продюсер Игорь Крутой, жазушы, медиа-менеджер Юрий Костиндер ұйымдастырған.
Финалға шыққандар «Үздік жыл әні», «Үздік поп әнші», «Үздік хип-хоп орындаушы», «Үздік рок-группа немес рок әнші», «Жыл композиторы», «Жыл ақыны» секілді 14 номинацияда бақ сынайды. Онда қазіргі заманауи музыканың барлық бағыты қамтылған.
2020 жылы әртістердің көбі онлайн концерт қоюға мәжбүр болды. Сондықтан ұйымдастыру комитеті «Жылдың онлайн концерті» деген аталым ашты.
Байқау сахнасына Niletto, Филипп Киркоров пен Dava, Полина Гагарина, Artik&Asti, «Виктория-2019» сыйлығының иегерлері Димаш Құдайберген мен Zivert; Николай Басков, Артем Качер, Polina және биыл әндері Ресейде хитке айналған өнерпаздар бар.
30 қараша 2020 ж. 868 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (10402)

10 мамыр 2025 ж.

№33 (10401)

06 мамыр 2025 ж.

№32 (10400)

03 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 729
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031