1-мамыр күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Ақмола, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде желдің күшейіп, тұман күтіледі. Оңтүстік Қазақстан, күндіз Қостанай облыстарының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с дейін және найзағай, тұман болады. Оңтүстік Қазақстан облысында бұршақ жаууы мүмкін. Жамбыл, күндіз Шығыс Қазақстан, Ақтобе, Алматы облыстарының кей жерлерінде жел 15-23 м/с, найзағай, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында бұршақ болуы мүмкін. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, желдің екпіні 15-20 м/с, кей жерлерінде тұман, күндіз кей жерлерінде бұршақ болуы мүмкін.
Ақпарат көзі: Қазгидромет
Пікір 1 568