» » СЕНСАЦИЯ: ҒАЛЫМДАР ІШТЕ ЖАТҚАН БАЛАНЫ "ӨЗГЕРТЕ" АЛАТЫН БОЛДЫ

СЕНСАЦИЯ: ҒАЛЫМДАР ІШТЕ ЖАТҚАН БАЛАНЫ "ӨЗГЕРТЕ" АЛАТЫН БОЛДЫ

АҚШ ғалымдар баланың ауруын тумас бұрын, іште
жатқанда тоқтатуға болатыны жайлы есепті жариялады. Бұл болашақта төзімді және талантты баланы дүниеге әкелуге болатынын білдіреді.
Генетик ғалымдар шақалақтың ДНҚ-сын анасының ішінде жатқанда өзгертуге болатынын айтып отыр, - деп жазады Science Alert. Қытайдың когнитивті геномика зертханасы генетикалық түзету құралын пайдалануды ұсынып отыр. Сөйтіп адам ағзасының негізгі мүшелерін қалыптастыру кезеңінде оны түзетуге болатынын айтуда.
Осылайша, ғалымдардың пікірінше, ғылымда жиналған тәжірибені тиімді пайдалануға болады.
Іште жатқан баланы модификациялау технологиясы CRISPR/Cas9 геномының көмегімен жүзеге асырылады. Сонда болашақта дені сау, спортқа бейім, төзімді және талантты балалар дүниеге келеді екен.
Ал адам ДНҚ-на әсер етуді этикалық кодекс анықтайды.
Генетикалық құрылымды өзгерту, ғалымдардың айтуынша, мүгедектер мен науқастардың санын азайтып, содан соң да ауыр дерттерден тазартып отырады.
Қытай мамандары бұл технологияны зиянсыз дейді. Дегенмен бұрын Колумбия университетінің ғалымдары CRISPR/Cas9 генетикалық түзетуді тестілеу мутацияға әкелуі мүмкін деген болатын.
ktk.kz

29 шілде 2019 ж. 892 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№11 (10479)

10 ақпан 2026 ж.

№10 (10478)

07 ақпан 2026 ж.

№9 (10477)

03 ақпан 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 384
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 238

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728