» » Айбек Қалиев Баян-Өлгейде бас жүлде алды

Айбек Қалиев Баян-Өлгейде бас жүлде алды

Баян-Өлгей аймағының «Айтыскер» қоғамы мен аймақтық Азаматтар өкілдер құрылтайы және Аймақ әкімі іс басқару орнының ұйымдастыруымен Моңғолияның мемлекеттік мерекесіне орай Баян-Өлгейде халықаралық айтыс өтті.
11 шілде күні Баян-Өлгей аймағының орталығы Өлгей қаласында өткен айтыста Қазақстан, Моңғолия, Қытай елдерінен 17 ақын бақ сынады.
Елімізден барған «Айтыстың алдаспаны» Айбек Қалиев бұл жолы да сара сөздің сүлейі екенін танытты. Бас жүлдені жеңіп алған Айбек Қалиевке атажұрттан жырақтағы ағайын 1 млн төгрөг (145 мың теңгеден астам) жүлде берді.
І, ІІ орынды моңғолиялық ақындар М. Зоя мен Д. Ерлан иеленсе, алғашқы үштікті Қытайдан келген ақын Ержанат Байқабайұлы түйіндеді.
Ақындарды марапаттау салтанатына аймақ әкімі Ғылымхан Айыпұлы мен аймақтық АӨҚ төрағасы Бауыржан Дәлелұлы қатысып, жеңімпаздарға сыйлық тапсырды.
12 шілде 2019 ж. 937 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

№63 (10431)

23 тамыз 2025 ж.

№62 (10430)

19 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 281
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Жосалы жаңару жолында
26 тамыз 2025 ж. 1 399

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031