» » Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні құтты болсын!

Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні құтты болсын!

Құрметті БАҚ өкілдері!
Сіздерді кәсіби төл мерекелеріңіз – Журналистер күнімен құттықтаймыз!
Ақпарат ағыны үстемдік етіп тұрған бүгінгі өмірді радио, телевидение, газет, басқа да электронды құралдарсыз еш елестете алмаймыз. Медиа кеңістікте ғана емес, өркениет көшіне бет алған даму тіршілігімізде БАҚ-тың айырықша орын алатынын ешкім де теріске шығара алмайды.Оның жалпы қоғамдағы биік құндылықтарды қалыптастырып, өркендету жолындағы негізгі құрал екенін күллі әлем мойындап отыр. Қашан да мазасыз және маңызды қызметтеріңізді атқара жүріп, қайнаған ортадан табылып, қоғамның ең өткір, ең өзекті сауалдарына жауап табуға тырысып, үнемі ізденіс үстінде тынбай жүресіздер. Өз кәсібіне адалдық, айқын азаматтық көзқарас, жаңашылдыққа ұмтылыс, сергектік, міне, осындай қасиеттер қалам һәм сөз ұстаған қауымды өзге мамандық иелерінен даралап тұрады. Құрметті тілшілер қауымы, өз кәсіптеріңізге адалдық танытып, ақпарат майданында маңызды жаңалық жеткізуді мұрат тұтқан игі ісіңізге табыс, шығармашылық шабыт тілейміз! Жаңа идеялар мен жобаларды жүзеге асыру жолында қанаттарыңыз талмай, самғай беріңіздер!
28 маусым 2019 ж. 1 672 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 090
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 749

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031