» » ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КӨРМЕСІ – ҚАРМАҚШЫДА

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КӨРМЕСІ – ҚАРМАҚШЫДА

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі ғылыми-білім беру және мәдени ағартушылық көрмесі Қармақшы ауданында өз жұмысын бастады.
Мемлекет басшысының Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы шешуші рөлін жан-жақты көрсету мақсатындағы республикалық деңгейде ұйымдастырылған шараның ашылу салтанатына аудан әкімі Мақашов Сұлтан Ысқақұлы қатысты.
Аудан тұрғындарымен кездескен Елбасы кітапханасы директоры Әмірхан Рахымжанов алдымен көшпелі көрменің мәні мен маңызына тоқталды.
Мұнда Назарбаев моделінің қалай қаланғаны, егемендік алған қысқа мерзімде еліміздің жетістіктерге қалай жеткені туралы кеңінен қамтылып айтылған.
Мемлекет басшысының көрегенділігінің, біліктілігінің, ізденімпаздығының, озық идеяларының жемісі осы жинақта толық қамтылған. Бұны қазақстандықтарға, бүгінгі жас ұрпаққа үлгі-өнеге ету мақсатында жұмыстана беретін боламыз, – деді Ә.Рахымжанов.
Тағылымдылығы басым шарада аудан тұрғындарына «Бәсекеге қабілеттілік – ХХІ ғасыр ұлт жаңғыруы», «Қазақстанның тарихи жолы мен эволюциялық дамуы», «Ұлттық бірегейлікті сақтау», «Ашық сана – болашаққа жол» дәрістері жүргізілді. Топтық ойындар мен психологиялық жаттығулар, тәжірибелік сабақтар өтті. «Елбасы кітапханасының ақпараттық ресурстары» аймақтық кәсіби сессиясына жалғасты.
Сайып келгенде кітапхана, архив, музей салалары бойынша замана дәуіріне қарай қарыштай даму қадамдары сараланып, астаналық мамандар өз тәжірибелерін бөлісті.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі ғылыми-білім беру және мәдени ағартушылық көрмесі аясында Қазақстан Президенті кеңесінің бастығы М.Қасымбековтың Қармақшы ауданы әкімі Мақашов Сұлтан Ысқақұлына Елбасының өмір жолы туралы кітаптар мен Алғыс хаты табыс етілді.
Бүгінгі көрмеден аудан жастары Президент туралы көп мағлұматтар алып, тәрбиелік мәні жоғары кездесуге ризашылықтарын білдірді.
Елбасының жеке қорының көрмесі Қармақшы ауданында алғаш рет ұйымдастырылып отыр.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
06 сәуір 2019 ж. 1 210 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 892
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 595

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930