» » БАӘ-ге Қазақстанның жаңа елшісі тағайындалды

БАӘ-ге Қазақстанның жаңа елшісі тағайындалды

ҚР Президенті Біріккен Араб Әмірліктеріне төтенше және өкілетті елші тағайындады.  Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Мадияр Смәділұлы Меңілбеков Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Қайырбекұлы Лама Шариф Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.

 Мадияр Смәділұлы МЕҢІЛБЕКОВ

1978 жылғы 8 ақпанда Жамбыл облысы, Меркі ауданында туған.

2002 жылы Ливияның Триполи қаласындағы Исламға шақыру университетін бітірген, араб тілі және исламтану бакалавры. 2004 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің магистратурасын аяқтаған, филология магистрі.

2002-2005 жылдары Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің аға оқытушысы. 2005-2006 жылдары ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының аға оқытушысы. 2006 жылғы сәуірден қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің үшінші хатшысы.

2006-2011 жылдары ҚР Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшілігінің атташесі, үшінші, екінші хатшысы. 

2011-2012 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің бірінші хатшысы.

2012-2015 жылдары ҚР Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшілігінің кеңесшісі. 

2015-2017 жылдары ҚР Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшілігінің кеңесші-уәкілі.

2017-2019 жылдары ҚР Дубайдағы Бас консулы қызметін атқарған.

2019 жылғы 26 ақпаннан бастап - ҚР Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі.

Араб және ағылшын тілдерін меңгерген. 
BAQ.KZ.
26 ақпан 2019 ж. 735 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (10294)

13 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930