» » Ұялы телефонды "тоңдырмайтын" ерекше чехол көпті таң қалдырды

Ұялы телефонды "тоңдырмайтын" ерекше чехол көпті таң қалдырды

Семейлік студенттер теріскейдегі тұрғындардың ұялы телефондарын тоңдырмайтын айрықша телефон қабын ойлап тапты. Олар мұндай құндақпен қатты аязда смартфондарды ұзағынан пайдалануға болатынын айтты. 

Астанада өткен арнайы форумда өздерінің жобасын таныстырған Семей медицина университетінің студенттері смартфондарға арналған мұндай құндақ (чехол) "termo-case" деп аталады дейді.
"Бұл жобаның аты «Алақай» деп аталады. Мұндай чехолдар ауа райы қолайсыз, суық аймақтардың тұрғындарына арналған.
Мәселен аязды күндері далаға ұялы телефонмен шығатын болсаңыз, смартфондардың қуаттағышы тез отырып, телефон сөніп қалады. Міне осы олқылықтың орнын толтыру үшін, осындай айрықша чехолдарды ойлап таптық.
Ол суықтың ішке енбеуін қамтамасыз етіп, смартфондағы жылылықты ұзақ уақыт бойы сақтап тұрады", - дейді студенттер.
Студенттердің ендігі мақсаты жобаға қолдау көрсететін демеуші табу болып отыр.
"Егер демеуші табылып жатса, мұндай чехолдарды әзірлеп, сатылымға шығаруға әзірміз. Бәрі уақыттың еншісінде", - дейді талантты жастар.


25 ақпан 2019 ж. 904 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 817
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 511

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930