» » МӘМС-тің мәні

МӘМС-тің мәні

Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 80-қадамын іске асыру мақсатында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2017 жылдың шілде айынан өз қызметін бастады. Жарғылық капиталына 100% мемлекет қатысатын, коммерциялық емес АҚ болып құрылды.
Қордың негізгі нысанасы – аударымдар мен жарналарды шоғырландыру, медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу және оларға ақы төлеуді жүзеге асыру болып табылады.
Денсаулық саласында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі» (МӘМС) кезең-кезеңмен енгізіледі. МӘМС жүйесі – мемлекеттің, жұмыс берушілердің және азаматтардың ортақ жауапкершілігі қағидасына негізделген.
2018 жылдан бастап ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық қызметтерді сатып алу жұмыстары Қор арқылы жүзеге асырылып отыр. 2019 жылдың басына деректер базасындағы МҰ саны 91 құрап, 2018 жылға қарағанда 11 жеке меншік МҰ-ға көбейді немесе 12% артқан.
– мемлекеттік мекемелер – 32 немесе 35%;
– жеке меншіктегі МҰ саны – 59 немесе 65% .
2019 жылға халықты тіркеу науқаны әдеттегідей 2018 жылдың 15 қыркүйегі мен 15 қарашасы аралығында жүргізіліп, оған 20 БМСК ұйымы қатысып, 763 872 тұрғын тіркелді (2017 жылы тіркелген халық – 750 167). Науқанға қатысқан 20 МҰ-ның 7-еуі (35%) жеке меншік МҰ, оның 2-еуі ауыл деңгейінде орналасқан. Айта кететін жайт, өткен 2018 жылға қарағанда тіркелген халық саны – 13 705 адамға, яғни 2% өскені байқалады.
Қызылорда облысы бойынша 2018 жылдың басында сатып алу жоспары негізінде бөлінген қаржы 38 917,7 млн. теңгені құрады Оның ішінде БМСК – 17 081 736 мың теңге қаражатты құрады.
Сатып алу жоспары бойынша 2019 жылға облысымызға 21 бағыттағы медициналық көмектің нысандары мен түрлері бойынша бөлінген қаржы – 42 135,7 млн. теңгені құрап, 2018 жылдың нақтыланған бюджетімен салыстырғанда – 3 218,0 млн теңгеге, яғни 7,6% өскен.
2018 жылы филиал 67 медициналық мекемемен 38 917,7 млн. теңгеге келісім-шартқа отырды (30-мемлекеттік, 37-жеке клиникалар). Жеке клиникалардың саны жылдан жылға артуда.
2019 жылы 74 медициналық ұйыммен 41 757 640,8 мың теңгеге 99 келісім шарт жасалды. Мұндағы, 30 (41%) мемлекеттік МҰ 49 (49,5%) келісім-шарт жасалса, бюджеті – 37 798 127,4 мың теңге (90,5%), жеке нысандағы 44 (59%) МҰ 50 (50,5%) келісім-шарт жасалды, бюджеті – 3 959 513,4 мың теңге (9,5%). 2019 жылы мемлекеттік тапсырыс орналастырылған медициналық ұйымдар саны 2018 жылмен салыстырғанда 7 мекемеге немесе 16 процентке өсті, олардың барлығы жеке меншік нысанындағы субъектілер. Мұнда айта кететін жағдай, БМСК ұйымдарының саны 2018 жылы 19 болса, 2019 жылы 1 қызмет берушіге артып, 20 медициналық ұйымда құрады. Ал стоматологиялық компаниялардың саны 2018 жылы 19 болса, 2019 жылы 4 компания қосылып, 23-ке жетті, оның ішінде 15-і (65%) жеке меншік нысанындағы мекеме. Барлық медициналық мекемелерді fms.kz. сайтында көре аласыздар.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы қызметкерлерімен жыл бойынша Қызылорда облысының медицина ұйымдарының қызметкерлеріне оқытылым, облыс тұрғындарына және кәсіпкерлерге Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі өзгерістер (әрі қарай – МӘМС) жөнінде ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оқытылым жұмыстарына жеке медициналық ұйым­дар да қатыстырылды.
Осыған сәйкес 569 кездесу (оның 273-і оқытылым, 296-кездесулер) өткізіліп, 326 материал БАҚ-қа (оның 63-і телеарналарға, 263-газеттерге) жарияланды және 170 әлеуметтік желілер арқылы ақпарат жарыққа шықты.
Филиалдың 2019 жылғы негізгі міндеттері:
– Проблемалық сұрақтарды шешу барысында Денсаулық сақтау басқармасымен тығыз қарым-қатынас қалыптастыру;
– Медициналық ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуде алдын-ала шаралар қолдану;
– медициналық қызметтің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізуде аймақтың басымдылық берілген бағыттарын ескеру;
– Ақпараттық жүйелерге мәліметтердің дұрыс енгізілуін қадағалау.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының халықты ақпарат­тан­дыру және өтініштерді қарау
жөніндегі бөлім.
21 ақпан 2019 ж. 1 086 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 026

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031