» » Қарт та, бала да бар жақсыға лайық

Қарт та, бала да бар жақсыға лайық

Жаңа жыл қарсаңында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Қарттар үйіне арнайы барды. Қазыналы қарияларды мерекемен құттықтап, жылдың берекелі болғанын атап өтті. Аймақтың дамуы мен өркендеуі жайында сөз қозғады.

– 2018 жылы Тәуелсіз мемлекетіміз үшін де, Сыр елі үшін де несібелі, ырысы мол жыл болды. Елордамыз Астананың 20 жылдығын және Қызылорданың 200 жылдығын атап өттік. Әлеуметтік саясат тұрақты болғандықтан, елімізде барлық жағдай жасалып отырғанын айту керек. Жыл сайын зейнетақының өсуi, көрсетілетін жеңiлдiктер, басқа да шаралар қолдау деңгейiнiң жоғары екенiн аңғартады. Әрдайым жағдайларыңыз жақсы болуы үшін біз де қолдан келгеннің барлығын істейміз. Жаңа жыл жақсылығымен келсін! Кең-байтақ елімізге молшылығы мен ырыс-дәулетін, қасиетті жерімізге құт-берекесін әкелсін, ізгілікке, қуаныш пен шаттыққа толы жыл болсын! – деді облыс басшысы.
Әрі қарай шара концерттік бағ­дарламаға жалғасып, жаңажылдық сый­лықтар таратылды.
***

 Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Жаңа жыл қарсаңында мемлекет қамқорлығындағы балаларды мерекемен құттықтады.
 
Алдымен отбасылық үлгідегі «Атамекен» балалар ауылына барған өңір басшысын өнерлі өрендер ән-жырмен қарсы алды. Өздеріне үнемі қамқорлық көрсетіп жүретін дархан көңіл, жомарт жүректі ағаларына алғыс білдіріп, жетістіктерін бөлісті.
– 2018 жыл жаңалықтарымен, сәттіліктерімен есте қалды. Алдағы жыл да солай жалғасады деген ойдамыз. Біз сендерге – жастарға – үлкен үмітпен қараймыз, зор сенім артамыз. Сабақтарыңды жақсы оқып, кө­ңілдерің қалаған мамандықты мең­геріп, өмірден өз орындарыңды табуға тілектеспіз, – деді облыс әкімі.
2015 жылы аталған балалар ауылын ашу арқылы Қызылорда облысы республикада балалар үйі жойылған алғашқы аймаққа айналды. Әуелгі кезде мұнда 71 бала болса, қазір 7 отбасында 46 бала тәрбиеленіп жатыр. Биыл олардың 5-і мектеп бітіріп, жоғары және арнаулы орта оқу орындарына түсті. Ауылдың кішкентай тұрғындарының жетістіктері аз емес. Павлодарда өткен көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының республикалық «Алтын қазына» көрме-байқауында Родион Лебедев үздіктер қатарынан көрінді. Ал Михаил Тұрсынов кикбоксингшілердің облыстық жарысында оқ бойы озық шықты.
Қала іргесіндегі Талсуат елді мекенінде орналасқан балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында аймақ басшысы «Ғажайыпқа толы Жаңа жыл» атты мерекелік шараға куә болды. Бүгінгі күні мұнда стационарлық және жартылай стационарлық режимде 120-дан астам бала ем қабылдап жатыр. Айта кетейік, орталық жуырда республикалық «Әлеуметтік қорғау жүйесіндегі үздік қызметкер» конкурсының «Үздік медициналық-әлеуметтік мекеме» аталымы бойынша үздік деп танылды.
Қызмет алушылардың өнерін тамашалаған облыс әкімі ұжымды мерекемен құттықтай отырып:
– Мемлекет қолдауға зәру жандарға үнемі қамқорлық көрсетіп келеді. Өздеріңе жағдай жасап, тағдыр кезіктірген қиындықты бірге жеңуге көмектесіп жүрген қызметкерлердің еңбегі алғыс білдіруге лайық, – деді.
Аймақ басшысы Жаңа жылға ерекше дайындалған балалардың қуанышына ортақтасып, оларға арнайы сый-сияпат жасады.
«СБ» тілшілері.
03 қаңтар 2019 ж. 745 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 056

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031