» » Республикалық «Жомарт жүрек» байқауының марапаттау рәсімі өтті

Республикалық «Жомарт жүрек» байқауының марапаттау рәсімі өтті

Биыл ҚР Қоғамдық даму министрлігі «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Атамекен» кіші бағдарламасы аясында халықты, бизнес-құрылым өкілдерін, үкіметтік емес ұйымдарды, волонтерлерді кіші отанын дамытуға ынталандыру және меценаттық пен мейірбандық идеяларын насихаттау мақсатында «Жомарт Жүрек» жобасы жүзеге асырылды.
Шілде, тамыз айында өңірімізде 7 ауданда «Жомарт жүрек» жобасының марапаттау рәсімі өткен болатын. Жалпы ауданнан 200-ге жуық адам қатысты. Оның 40-ы топ жарып облыстық кезеңге өтті. Жыл қорытындысы бойынша облыста үздік деп танылған 5 азамат республикалық «Жомарт жүрек» жобасына ұсынылды. Бес аталыммен марапатталған жомарт жандардың ішінде жерлесіміз  Нұрлан Іздібаев бар. Ол «Туған өлке» аталымында үздік деп танылды. Нұрлан Тұрғанбекұлы Қармақшы ауданы «Ақтөбе и К» ЖШС директоры. Қармақшы ауданы, Ақтөбе елдімекеніне тұрақты түрде демеушілік көмектер жасап келеді. Атап айтқанда, ауылдың кіреберісіне ұлттық нақыштағы арка орнатуға 10,0 млн теңге, ауыл көшелерін көрнекі-ақпараттық насихаттық құралдармен, тақтайшалармен безендіру жұмыстарына 2,0 млн теңге, көркейту-көгалдандыру жұмыс тарына 2,5 млн теңге, ауыл орталығындағы Е.Сексенбаев атындағы орталық саябақты абаттандыруға 10,0 млн. теңге, мәдениет үйіне 1,5 млн. теңге, Ақтөбе ауылы туралы «Туған жер – тұнған шежіре» кітабын шығаруға 1,5 млн. теңге, «Жахаев ізбасарлары» еңбек лагеріне 1,0 млн. теңге демеушілік көмек көрсеткен.

Айнұр ӘЛИ.
12 желтоқсан 2018 ж. 3 012 1

JeaCold от 24 ақпан 2019 20:00
Kamagra 100 Mg Oral Jelly Probiotic And Cephalexin buy cialis online Where Can I Buy Elavil Acheter Nolvadex Ligne

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

№33 (10501)

05 мамыр 2026 ж.

№32 (10500)

01 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 084
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 673

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031