» » «Көрінбейтін» қолшатыр сатылымға шықпақ (видео)

«Көрінбейтін» қолшатыр сатылымға шықпақ (видео)

Қытайда ауадан күмбез құру арқылы жаңбырдан қорғайтын, ерекше қолшатыр ойлап табылды. Құрылғы алдағы жылы сатылымға шығарылады деп жаспарлануда. Қолшатыр алғаш рет, осыдан 2400 жыл бұрын Қытайда пайда болған. Сан ғасырды артқа қалдырса да, айтарлықтай өзгеріске ұшырамаған бұл құрылғыны, қытайлықтар жаңа үлгіде ұсынып отыр. «Air Umbrella» деп аталатын құрылғының жобасы Кикстартер сайтында жарияланды. Техниканың бұл озық үлгісіне тамсана қараған алғашқы көрермендер, оған «көрінбейтін қолшатыр» деп те ат қойып үлгерді. Құрылғы ықшамды электрлі мотор түтікпен ауаны өзіне тартып, оны тез арада қатты ағыммен сыртқа шығару арқылы жауын тамшысын кері итереді. Нәтижесінде, қолшатыр иесін диаметрі бір метр құрғақ өріспен, күмбезді форма жасап қорғайды. Бір қарағанда қол шамына ұқсайтын кішкентай ғана құрылғының осындай үлкен қызметтерді атқаруы, шынымен де таңқаларлық нәрсе. Қолшатыр ішкі корпуста жасырылған литий қуат көзімен жұмыс жасайды. Нәзік жандыларға арналған нұсқасының қуаты небары 15 минутқа жетсе, стандартты үлгідегі түрі сізге 30 минутқа дейін тамшы тигізбейді. «Көрінбейтін қолшатыр» орта есеппен 128-ден 148 АҚШ долларына бағаланады. Аталған бұйым қолданысқа қашан енетіні әлі белгісіз. Әйтсе де, өнертапқыштар жұмысты 2015 жылдың соңына дейін аяқтаймыз деп сендіруде. Әзірге ғажайып құрылғы жасақтауды қажет етеді. Оның ең басты кемшілігі жұмыс жасау уақытының шектеулігі. Кемшіліктерді толықтыру мақсатында көптеген жұмыс жүргізіліп жатыр. Ол үшін қажетті қаражат интернет желісінің көмегімен жинақталуда. Шығыс Қытайдың Нанкин қаласындағы аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу университетінің түлектері бастама көтеріп, бұл жобаны қыркүйек айында-ақ жариялаған болатын. Алайда көпшілік қолдауына бірден ие болып кете алмады. Ал, Батыстың бұқаралық ақпарат құралдары назар аударған соң, ақша аударымдары бірден өсті. Тіпті, екі күн ішінде ғажайып қолшатыр үшін 23 мың АҚШ доллары жиналған. 

massaget.kz

10 қараша 2018 ж. 102 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№86 (9741)

13 қараша 2018 ж.

№85 (9740)

10 қараша 2018 ж.

№84 (9739)

06 қараша 2018 ж.

Оқиғалар

"Қарғыс атқан мерседес"
13 қараша 2018 ж. 756
Қабырға хикаясы

Қабырға хикаясы

13 қараша 2018 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Сары қыз бен сары күз
02 қараша 2018 ж. 943

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930