» » Қайрат Нұртастың пиджагы 550 мың теңгеге сатылып жатыр

Қайрат Нұртастың пиджагы 550 мың теңгеге сатылып жатыр

Семей қаласының тұрғыны Қайрат Нұртастың пиджагын 550 мың теңгеге бағалап, желіде оның сатылатынын жария етті деп хабарлайды NUR.KZ.
Әншінің пиджагын Семей қаласының тұрғыны сатуға қойған. Ол пиджак үшін қомақты сома - 550 мың теңге сұрап отыр. Бұл хабарламаны әйел адам Olx.kz. сайтында жариялаған.
Айта кететін жайт, бір тәуліктің ішінде хабарландыру 11 мың рет қаралыпты.
Тұрғынның айтуынша, бұл пиджакты әншінің өзі Семейде өткізген концерті кезінде оған сыйға тартқан екен. Пиджактан түскен ақшаның барлығы баласының оқуына жұмсалады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Скриншот: olx.kz
Айта кетейік, Қайрат Нұртас табынушыларына киімдерін жиі сыйға тартатыны белгілі. Мысалы, 2016 жылы Шымкент қаласындағы табынушысына өзінің сүйікті пиджактарының бірін сыйлаған болатын.
24 қазан 2018 ж. 1 557 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 978
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 207

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031