» » Қазақстанда чипі бар техпаспорттар беріле бастайды

Қазақстанда чипі бар техпаспорттар беріле бастайды

Қазақстанда 2019 жылы 1 қаңтардан бастап чипі бар техпасторттар пайда болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Колеса" порталына сілтеме жасап.
Заңнамадағы тиісті өзгерістерге Ішкі істер министрлігі дайындалып жатыр. ІІМ басшысының бұйрығы бойынша, 2019 жылдың 1 қаңтарына дейін дайындалып, берілген көлік құралын тіркеу туралы куәліктер көлік құралы қайта тіркелгенге дейін жарамды болып есептеледі. Жаңа техпаспорттар біртіндеп беріле бастайды. Нақты қалай беріле бастайтыны әзірше белгісіз.

Жаңа құжат айтарлықтай кішірек, оның көлемі өзгерген (шамамен 5.5-8.5 сантиметр). Енді оны әмиянға салуға да болады. Техпаспорттар қорғаныштың ультракүлгін элементтерімен және электронды микросхемамен жабдықталады, оған автокөлік тіркеуінің барлық мәліметтері жазылады. Атап айтқанда:
1. мемлекеттік тіркеудің номерлік белгісі;
2. куәліктің сериясы және тіркеу номері;
3. куәліктің берілген күні;
4. марка, модель;
5. көліктің шыққан жылы;
6. көліктің категориясы;
7. есептен шығарылғаны туралы белгі (бұрынғыдай кесілмейді, тескішпен тесіледі - Kolesa.kz);
8. идентификациялық номер (VIN);
9. жүктемесіз салмағы;
10. қозғалтқыш көлемі;
11. рұқсат етілген масса;
12. көліктің түсі;
13. көліктің иесі;
14. көлік иесінің тұрғылықты мекенжайы;
15. ерекше белгілер;
16. бірінші тіркелген күн;
17. көлікті қайта жабдықтау туралы мәлімет;
18. өзге мәліметтер.
Қажет болған жағдайда тізім өзгеріп, толығуы мүмкін.


19 қыркүйек 2018 ж. 1 365 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 344
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 122

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930