» » Қойдың ішек-қарынын тазалаған Төреғалидің әйелі көпшілікті сүйсіндірді

Қойдың ішек-қарынын тазалаған Төреғалидің әйелі көпшілікті сүйсіндірді

Әнші Төреғали Төреәлі жұбайы Толқынның қойдың ішек-қарынын тазалап отырғанын көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz.
Ұлы дала баласы Instagram желісіндегі парақшасында Құрбан айт мейрамының орай жазба қалдырып, мұсылмандарды құттықтады.
«Алланы бір, Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарды хақ деп білетін мұсылман баласы үшін Жаратушымыз белгілеп берген екі мейрамның ұлығы – Құрбан айт күндеріне де жеттік. Алла тағаланың разылығы үшін мал шалынып, кең дастарқан жайылып, еңбектеген сәбиден еңкейген кәріге дейін шат-шадыман қуанышқа бөленетін бұл ұлық мейрам Қазақстан жұртшылығына да ырыс пен береке әкелсін», – деп жазды әнші.
Өз кезегінде әнші жұбайы Толқынның видеосын жариялады.
Видеода зәулім үйдің ауласында Толқынның қойдың ішек-қарынын тазалап отырғаны байқалады.
Мұндай көрініске куә болған желі қолданушылары Толқынның қарапайымдылығына тәнті болды.
«Толқын ішек-қарын тазалап отыр ма? Жарайсыз. Төрештің әйелі осындай болуы тиіс. Отбасыңыза бақ-береке тілеймін», «Толқын сондай қарапайым», «Жарайсыз. Қандай адамгершілігі мол адам. Көз тимесін», «Сіз сияқты бақуатты адамдар келініне, әйеліне ішек-қарын тазалатпайды. Бәріне көніп, тазалап отырған Толқынға рахмет айтыңыз. Пейіліне қос ұл берсін», – дейді пікір қалдырушылар.
Сондай-ақ, желі қолданушылары жалаң аяқ жүрген Төрешке аяқ киімін әкеліп беріп, қамқор болып жүрген кішкентай қызының қылығына сүйсінуде.
22 тамыз 2018 ж. 2 262 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 126

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 136

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 281

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930