» » Өзбекстан еліміздегі электронды қызмет түрлеріне қызығушылық танытты

Өзбекстан еліміздегі электронды қызмет түрлеріне қызығушылық танытты

Өзбекстан еліміздегі электронды қызмет түрлеріне қызығушылық таныттты
Қазақстанда қолданылып жатқан электорнды қызмет түрлеріне Өзбекстан үкіметі қызығушылық танытып отыр.
Тіпті бұл тәжірибені өздеріне енгізуге ниетті. Осы мақсатта Өзбекстан президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының өкілдері Астанаға келіп, бірақатар жаңашыл жобалармен танысты. Олар Елордадағы халықты жұмыспен қамту орталығына ат басын бұрып, электронды жүйенің тиімділігін көрді. Мұнда кез келген адам өзі қалаған мамандық бойынша бос жұмыс орындарын көріп, жұмыс беруімен тікелей байланысқа шыға алады. Сондай-ақ осы нысан ішінен шықпай-ақ қажетті анықтама алуға мүмкіндік бар. Одан бөлек Өзбекстандық мамандар Халыққа қызмет көрсету орталығы және Бизнес пен инвестицияны қорғау жобалық офисінің жұмысымен танысты.
Қадіров Абдурашид, Өзбекстан президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының профессоры: 
- Халықты жұмыспен қамту бүгінгі күннің өте өзекті мәселесі. Өйткені еңбек нарығы үнемі өзгеріп отырады Үнемі дамуды қажет етеді. Қазақстан ешкімді назардан тыс қалдырмау үшін цифрлы технологиялардың мүмкіндігін тиімді пайдаланып отыр. Біздің еліміз де цифрлық экономикаға көшіп жатыр. Сондықтан біз бұл жүйеге қызығушылық танытып отырмыз. Әсіресе жұмыспен қамту жүйесі мен жемқорлыққа қарсы жобалық кеңсе және өзге де жобалар көңілімізден шықты.

18 тамыз 2018 ж. 742 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№43 (10511)

09 маусым 2026 ж.

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 282
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 818

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930