Мәслихаттар сайлауы
» » Ел тұрғындары желтоқсан айында қанша күн демалады?

Ел тұрғындары желтоқсан айында қанша күн демалады?

2026 жылдың соңғы айында ел тұрғындары апта ортасында қосымша бір күн демалады. Тәуелсіздік күні 16 желтоқсан, сәрсенбіге сәйкес келеді. Сондықтан мерекеге орай бір күн демалыс беріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
5 күндік жұмыс аптасында желтоқсан айында 22 жұмыс күні және 9 демалыс күні болады. Оның 8-і сенбі мен жексенбіге, ал біреуі 16 желтоқсанға сәйкес келеді.
Ал 6 күндік жұмыс аптасында 26 жұмыс күні мен 5 демалыс күні қарастырылған. Оның 4-еуі жексенбі, біреуі мерекелік сәрсенбіге келеді. Желтоқсан айында демалыс күндерін ауыстыру жоспарланбаған.
Қазақстанның Тәуелсіздік күні жыл сайын 16 желтоқсанда атап өтіледі. 2026 жылы мереке сәрсенбіге сәйкес келгендіктен, ел тұрғындары апта ортасында бір күн қосымша демалады. (2022 жылдан бастап Тәуелсіздік күні бір күн – 16 желтоқсанда аталып өтеді. Бұған дейін 16 және 17 желтоқсан мерекелік демалыс күндері болған).
2026 жылы 1 желтоқсан сейсенбіге сәйкес келеді және әдеттегі жұмыс күні болып саналады. (Бұрын бұл күні Тұңғыш Президент күні аталып өтіп, қосымша демалыс берілетін. Алайда 2022 жылы бұл күн мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып тасталды. Сондықтан 1 желтоқсан енді ресми демалыс күні болып саналмайды).
Бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2026 жылы демалыс күндері ауыстырылмайтынын хабарлаған болатын. Осылайша, мерекелік сәрсенбі жеке демалыс күні болып қалады. Оның алдындағы және кейінгі жұмыс күндері өзгеріссіз сақталады.
Жылдың соңғы күндері қосымша демалыс болып саналмайды. 30 желтоқсан, сәрсенбі және 31 желтоқсан, бейсенбі – жұмыс күндері. 31 желтоқсан Қазақстандағы мемлекеттік мерекелер тізіміне кірмейді. Сондықтан бұл күн автоматты түрде демалыс болып есептелмейді.
15 желтоқсан, сейсенбі – 16 желтоқсандағы мереке алдындағы әдеттегі жұмыс күні. Қазақстанның Еңбек кодексінде бұл мерекелер қарсаңында жұмыс күнін міндетті түрде қысқарту қарастырылмаған. Бұл талап 31 желтоқсанға да қатысты. Алайда жұмыс беруші өз бастамасымен жұмыс күнін қысқартуға, икемді жұмыс кестесін белгілеуге немесе қызметкерлерге қосымша демалыс уақытын беруге құқылы. Мұндай шешімдер жұмыс берушінің ішкі актісімен рәсімделуі мүмкін.
Еске салайық, қараша айында Қазақстанда мемлекеттік мерекелер жоқ. Сондықтан 5 күндік жұмыс аптасымен еңбек ететіндер сенбі және жексенбі күндері ғана демалады.
24 қараша 2026 ж. 44 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№89 (10557)

24 қараша 2026 ж.

№88 (10556)

21 қараша 2026 ж.

№87 (10555)

16 қараша 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 451
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 564

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30