«ӨНЕРІМІЗ САҒАН – ҚАЗАҚСТАН!» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІНІҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ
Қармақшы ауданында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілері арасында «Өнеріміз саған – Қазақстан!» республикалық фестивалінің аудандық кезеңі өткізілді.
Фестивальдің басты мақсаты – бүлдіршіндердің бойында Отанға деген сүйіспеншілікті, туған елге деген мақтаныш сезімін қалыптастыру, ұлттық құндылықтар мен мәдени дәстүрлерді дәріптеу, жас ұрпақтың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Аудандық кезеңге 17 мектепке дейінгі ұйымнан барлығы 27 шығармашылық жұмыс ұсынылды. Бүлдіршіндер ұлттық өнердің сан түрлі бағыттары бойынша өз өнерлерін ортаға салып, ән, би, мәнерлеп оқу және балалар музыкалық аспаптарында орындау шеберліктерін көрсетті.
Қатысушылардың жұмыстары тақырыпқа сәйкестігі, жас ерекшеліктеріне сай орындалуы, сахна мәдениеті, ұлттық киім үлгісі, реквизиттерді қолдануы, орындаушылық шеберлігі, эмоциясы мен интонациясы, сондай-ақ бейнематериалдар мен дыбыс сапасы бойынша бағаланды.
Фестивальдің аудандық кезеңінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар төмендегідей анықталды:
«Үздік би композициясы» номинациясы:
- І орын – №23 «Балдырған» бөбекжай-бақшасы;
- ІІ орын – №13 «Балбөбек» бөбекжай-бақшасы;
- ІІІ орын – №16 «Перизат» бөбекжай-бақшасы.
«Үздік орындаушы» номинациясы:
- І орын – №13 «Балбөбек» бөбекжай-бақшасы;
- ІІ орын – №4 «Күн нұры» бөбекжай-бақшасы.
«Үздік мәнерлеп оқу» номинациясы:
- І орын – №1 санаториялық-бөбекжай-бақшасы;
- ІІ орын – №19 «Балдәурен» бөбекжай-бақшасы;
- ІІІ орын – №13 «Балбөбек» бөбекжай-бақшасы.
«Үздік оркестр» номинациясы:
- І орын – №6 «Айсұлу» бөбекжай-бақшасы;
- ІІ орын – №3 «Ертөстік» бөбекжай-бақшасы;
- ІІІ орын – №26 бөбекжай-бақшасы.
Ұлттық өнерді ұлықтап, бүлдіршіндердің шығармашылық әлеуетін танытқан фестиваль жас ұрпақтың бойына елжандылық пен ұлттық рухты сіңіруге бағытталған маңызды бастама болды.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Облыстық кезеңде аудан намысын абыроймен қорғап, биік белестерден көрінулеріне тілектеспіз!















