Қазақстанда вакциналарды сақтау шарттарын бақылау нақты уақыт режимінде жүргізіледі
Жобаның экономикалық тиімділігі, ең алдымен, вакциналардың жоғалуын азайту және қорларды басқаруды оңтайландыру арқылы қол жеткізіледі.
Жүйеге 3,5 мыңнан астам нысан мен 800-ден астам автокөлікті қосу жоспарланған. Жаңа жүйе вакциналарды жеткізудің барлық кезеңдерінде – Бірыңғай дистрибьютор қоймаларынан медициналық ұйымдарға дейін қажетті температуралық жағдайлардың сақталуын бақылауға мүмкіндік береді.
Жүйенің операторы болып «Қазақтелеком» АҚ айқындалды. Цифрлық мониторинг кезең-кезеңімен енгізіледі: 2026 жылы логистикалық тізбектердің 50%-ын қамту көзделсе, ал 2029 жылға дейін 100% қамту жоспарланған.
Қазақстанда вакциналар мен басқа да иммунобиологиялық препараттарды сатып алуға жыл сайын шамамен 38 млрд теңге бөлінеді.
KZgovernmen












