» » ДДСҰ басшысы Тоқаевтың медицина қызметкерлерін қолдау саясатына ризашылығын білдірді

ДДСҰ басшысы Тоқаевтың медицина қызметкерлерін қолдау саясатына ризашылығын білдірді

ДДСҰ басшысы Тоқаевтың медицина қызметкерлерін қолдау саясатына ризашылығын білдірді

Тедрос Аданом Гебрейесус 77 мың медицина қызметкерінің жалақысын көтеру және алғашқы медициналық-санитариялық көмекті дамыту жөніндегі шешімді атап өтті.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус Қазақстанның денсаулық сақтау мен халықтың әл-ауқатына бағытталған жұмысына жоғары баға берді. Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
ДДСҰ басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 77 мың медицина қызметкерінің жалақысын көтеру жөніндегі бастамасын атап өтті. Оның айтуынша, алғашқы медициналық-санитариялық көмекке инвестиция салу, жалпы практика дәрігерлерінің мүмкіндіктерін кеңейту және медицина кадрларын қолдау медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді.
Тедрос Аданом Гебрейесус Қазақстанның «Баршаға арналған денсаулық» жаһандық тұжырымдамасын қалыптастырудағы рөлін де еске салды. Осыдан жарты ғасырға жуық уақыт бұрын бұл идея Алматы декларациясында көрініс тапқан.
Осыдан 50 жылға жуық уақыт бұрын Қазақстан Алматы декларациясы арқылы «Баршаға арналған денсаулық» жаһандық тұжырымдамасын қалыптастыруға үлес қосты. 2028 жылы осы құжаттың қабылданғанына 50 жыл толуына орай, Қазақстан аталған идеяны нақты іске асырудың маңызды үлгісін көрсетуді жалғастырып келеді. Денсаулық сақтау саласындағы саяси қолдаудың маңызы зор. Үлгі көрсетіп отырғаны үшін Қазақстанға алғыс айтамын! - деді Гебрейесус.
31 қазан 2026 ж. 56 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 188
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 380

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30