» » Жолдау-2026: Инфрақұрылымды жаңғыртуға 2029 жылға дейін Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге бөлінеді

Жолдау-2026: Инфрақұрылымды жаңғыртуға 2029 жылға дейін Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге бөлінеді



Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2029 жылдың соңына дейін инфрақұрылымды жаңғыртуға Ұлттық қордан шамамен 6,5 трлн теңге бөлуді тапсырды. Бұл қаражат ел бойынша әлеуметтік, көлік және инженерлік инфрақұрылым нысандарын салуға бағытталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында ел экономикасының негізгі көрсеткіштеріне тоқталды.

«Халықаралық валюта қоры ұсынған болжамға сәйкес, биыл еліміздің ішкі жалпы өнімі 400 миллиард долларға жуықтайды. Оның жан басына шаққандағы үлесі 19 мың доллардан асатын болды. Еліміз экономикасының көлемі жағынан әлемде 47 орынға көтеріледі. Бұл – халқының саны бізден әлдеқайда көп бірқатар елдің көрсеткішінен жоғары деңгей деген сөз. Өңдеу өнеркәсібі де қарқынды дамып жатыр. Оның ішкі жалпы өнімдегі үлесі 14 пайыздан асты. Бұл – ұлттық экономиканы әртараптандыру бағытында жүргізілген жүйелі жұмыстың нақты нәтижесі. Алтын-валюта резерві мен Ұлттық қор активтерінің көлемі 130 миллиард доллардан асты. Енді осы қуатты әлеуетімізді инфрақұрылымды жаңғыртуға, еліміздің әр аймағын көркейтуге бағыттауымыз қажет. Сондықтан мен бұған дейін айтқан ауқымды құрылыс бастамасын белсенді түрде жүзеге асыруды тапсырамын. Соған сәйкес бүкіл ел бойынша аса қажетті әлеуметтік, көлік және инженерлік инфрақұрылым нысандары салынады», деді Президент.
Сонымен қатар Президент биыл және 2027 жылдың алғашқы екі айында әлеуметтік жобаларды іске қосу үшін 1,5 трлн теңге қарастыруды тапсырды.
«Үкімет бұрын-соңды болмаған Инфрақұрылымдық жаңғыру жоспарын әзірлейді. Бұл ауқымды жұмысты іске асыру үшін 2029 жылдың соңына дейін Ұлттық қордан шамамен 6,5 триллион теңге бөлінеді. Биыл және 2027 жылдың алғашқы екі айы ішінде әлеуметтік жобаларды іске қосу үшін 1,5 триллион теңге көлемінде қаражат қарастыру қажет», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сурет: Ақорда
28 қазан 2026 ж. 51 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 170
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 365

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031