» » Президент Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялап жатыр

Президент Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялап жатыр


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай отырысында «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты  Жолдауын жариялап жатыр.

Касым-Жомарт Токаев
Фото: Ақорда
Айта кетейік, Конституцияның 46-бабына сәйкес, Президент Қазақстан халқына елдегі жағдай мен Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы жолдау жасайды. 
Бүгінгі іс-шараға Құрылтай депутаттары, Үкіметтің және Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары, қоғам өкілдері мен еңбеккерлер қатысып жатыр. 
Жолдау республикалық телеарналардан, сондай-ақ Ақорданың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан тікелей эфирде көрсетіліп жатыр. Онлайн трансляция Jibek Joly эфирінде, сондай-ақ телеарнаның YouTube арнасында және Kazinform сайтында жүреді. Сондай-ақ Жолдау мәтінін агенттіктің телеграм арнасынан оқи аласыздар.
Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде қазан айында Қазақстан халқына Жолдау жасап, алдағы жоспарларды айқындайтынын айтты. 
Президент былтыр «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған болатын. 


28 қазан 2026 ж. 51 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 170
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 365

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031