АТА ЗАҢ – АЗАМАТТАР ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҚОРҒАНЫ
Конституция – адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың, азаматтық жауапкершілікті қалыптастырудың және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің құқықтық негізі. Оның қағидаттары мемлекет пен қоғам арасындағы байланысты нығайтып, әрбір азаматтың құқықтары мен міндеттерінің маңызын айқындайды.
Қоғамның құқықтық мәдениеті азаматтардың заң талаптарын сақтауынан, өзгенің құқығына құрметпен қарауынан және қоғамдық өмірге жауапкершілікпен қатысуынан көрінеді. Заңды білу және оны орындау – құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қоғамдық тұрақтылықты сақтауға ықпал ететін маңызды факторлар.
Ата Заңның мәні оның мазмұнымен ғана емес, ондағы қағидаттардың іс жүзінде орындалуымен де бағаланады. Сондықтан Конституцияны құрметтеу, заң талаптарын сақтау және азаматтық міндеттерді адал орындау – баршамызға ортақ жауапкершілік. Конституцияны құрметтеу – құқықты құрметтеу, ал құқықты құрметтеу – өркениетті қоғамның белгісі.
КОЛАШОВА ЖАЗИРА,
Қармақшы аудандық әйелдер кеңесінің мүшесі

















