» » МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ҚАДАМ: ЖАСТАРМЕН ЕРКІН ФОРМАТТА КЕЗДЕСУ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ҚАДАМ: ЖАСТАРМЕН ЕРКІН ФОРМАТТА КЕЗДЕСУ


Ағымдағы жылы жоғары оқу орындарын аяқтаған түлектермен «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу тәртібін түсіндіру мақсатында еркін форматта кездесу өткізілді.

Кездесуге Қармақшы ауданы әкімі аппаратының кадр жұмысы (персоналды басқару) бөлімінің басшысы И.Уразбаева және аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры Н.Пірназаров қатысты.

Кездесу барысында И.Уразбаева мемлекеттік қызметтің қазіргі жай-күйі, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу тәртібі мен талаптары туралы кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар мемлекеттік қызметке жастарды тарту, олардың кәсіби әлеуетін дамыту және білікті жас мамандарға қолдау көрсету мәселелеріне тоқталды.

Әсіресе, жоғары оқу орнын жоғары академиялық үлгеріммен аяқтаған түлектерді мемлекеттік қызметтің басшылық емес лауазымдарына конкурстық іріктеусіз тағайындау мүмкіндігіне назар аударылды.

Еркін форматта өткен кездесуде жастар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, сала мамандарынан нақты жауаптар алды.
Іс-шара соңында қатысушылар естелік суретке түсіп, кездесу өз мәресіне жетті.

Мұндай кездесулер жастардың мемлекеттік қызмет саласы туралы түсінігін кеңейтіп, кәсіби бағдарын айқындауға және олардың мемлекеттік қызметке деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.

17 қазан 2026 ж. 39 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 061
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 278

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031